Ғибаратқа толы кездесу.

Ғибаратқа толы кездесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы  өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы арнайы   іс-сапармен  Шу ауданында болып қайтты. Арнайы іс-сапар деуімізге себеп, өкіл имам бір жыл ішінде  облысқа қарасты аудандардың орталық мешіттеріне барып, жамағатпен сұхбаттасып, мешіт жағдайларымен танысып, сол арада Жұма күндері Жұма уағызын жүргізуді күн тәртібіне қойған, бұдан бұрында басқа аудандарға ат басын бұрып, жұма уағыздарын жүргізгенінің куәсі болған едік.

 

Өкіл имам Шу ауданының орталығында орналасқан, бірнеше мешіттерді көріп, жамағатпен жүздесіп, бүгінгі таңдағы еліміздегі болып жатқан және  Діни басқарманың жаңалықтарын жеткізіп, діни сауатын артырамын дейтін жастарға әр  мешіттер жанынан сауат ашу курстарының  сабақ жүргізетінін атап, діни білім алу жолын ізденіп жүрген жастарға, медреселеріміздің де есіктері ашық екенін, көкірегі ояу оқырмандарға, діни кітаптарды оқимын десе, тек ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өткен кітаптарды оқуды үндеді.

 

Кездесу соңында өкіл имам жұма намазы  уақытында жергілікті жамағаттың сұранысы бойынша, Шу ауданының орталық мешітінде мінберге шығып,  жұма уағызын жүргізіп, соңынан жалпы өткен ата-бабаларымыз бен мұсылман аруақтарына дұға жасалды. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алған жамағаттың алғысында шек болмады.

 

Көгедай Шәмерханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: