Мектеп оқушылары имамдармен кездесті.

Мектеп оқушылары имамдармен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауылының орталығында орналасқан Трубицин атындағы орта мектебінде 5-сынып оқушыларынан және ата-аналардың қатысуымен дін мәселесі туралы ашық сабақ өтті.

 

Оған мектеп ұжымының сұранысымен «Жақсымбет» мешітінің имамы Қыдырәлі Жақсымбетұлы қажы, орталық «Меркі-ата» мешітінің іс-басқарушының Амангелді қажы қатысты. Бұл ашық сабақта алдын ала дайындалған «Дін не үшін керек?», «Дін дегеніміз не?»,  «Діннің басты мақсаты не?», «Шолақ шалбар киген жастарымыз бен қара жамылған қыздарымыздың саны көбейді, олармен дін қызметкерлері тарапынан діни тәрбие жөнінде қандай жұмыстар жүргізілуде?», «Жастарымыздың арасында неге қылмыс азаймай, адам өлтіру кемімей отыр?», «Біздің ауданымызда жастар мен мешіт қызметкерлерімен қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?» деген сұрақтар қойылды.

 

Бұл сұрақтарға Қыдырәлі қажы толығымен жауап берді және оқушылар қанағаттанарлық жауап алды. Кездесу соңында мектеп ұжымы мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

 

 

А. Беделбаев,
     Меркі ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: