Тараз қаласы бойынша мешіт имамдарының кезекті жиналысы.

Тараз қаласы бойынша мешіт имамдарының кезекті жиналысы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбектің бастамасымен өткен бұл жиында ең алдымен ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» жоспарындағы дін мәселесіне байланысты айтылған сөздеріне толықтай талдау жасалып және имамдардың сол бағытта жұмыс жасауына тапсырмалар берілді.


Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы тарапынан діни ахуалды жақсарту бағытында берілген жан-жақты тапсырмалары айтыла келіп, уақыт талабына сай діни кадрлардың қатарын толықтыру мақсатында, жергілікті жерден шәкірттер даярлау ісіне басымдық беру күнтәртібінен түспеуі қажетілігі міндеттелді. Және имамдар мен молдалардың діни сауаттылығы мен біліктілігін арттыру мақсатында айлық семинарды тұрақты өткізілетін болды.


Сондай-ақ, жаңадан ашылған «hibatulla.kz» сайтының өрісін кеңейту және ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрге айналған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күні «Мәуліт» мерекесіне дайындық шарасына белсене атсалысу мәселесі талқыланды.
Жиналыс соңында имамдарға теріс ағымдарға қарсы үгіт насихат қамтылған дискілерді тарту етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: