«Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдарымен жиналыс өтті.

«Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдарымен жиналыс өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тараз» мешітінде ауданның бас имамдары бас қосқан кезекті жиналыс болып өтті. Жиналысқа облысымыздағы өкіл имам Данияр Жұмабаев басшылық етті. Өкіл имам кешегі өткен өкіл имамдардың есеп беру жиналысында талқыланған мәселелерді қозғай келе, ҚМДБ-ның жүктеген тапсырмаларын аудан бас имамдарына жүзеге асыруды тапсырды.

 

Сондай-ақ, жаңадан ашылған «hibatulla.kz»сайтының өрісін одан әрі кеңейту керектігін және алда келе жатқан Мәуліт мерекесін өз деңгейінде атап өту қажеттігін тілге тиек етті. Жиналыс соңында өкіл имам қаңтардың 12-iнде болған қатты желдiң салдарынан шатыры ұшып, елеулі зиян көрген Қаратау орталық мешітінің медресесін қалпына келтіру жұмыстарына облыс және аудан имамдары болып жұмылып, қомақты қаржы бөлетіндігін жеткізді. Өкіл имам аудан имамдарына теріс ағымдарға қарсы үгіт насихат қамтылған дискілерді тарту етті.

 

 

 

Әміров Әбдіжаппар

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: