2013 жылдың 12 қаңтарында ҚМДБ-ның

2013 жылдың 12 қаңтарында ҚМДБ-ның

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы өкіл имамының тапсырмасы бойынша Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің және облыстық Дін істері департаментінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Әбдіқадыр» мешітінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау мақсатында, Тараз қаласы аумағында орналасқан мешіт имамдары мен наиб-имамдарының және мешіттердің жамағаттарының қатысуымен облыстық дін саласындағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесу өткізілді.


 Кездесуді қалалық «Әулие-ата» мешітінің имамы А. Керімбек жүргізіп отырды.
 Кездесуде Департамент директоры С.Айдапкелов Елбасы Жолдауында айтылған дін мәселелері бойынша жастар арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсері мен дәстүрлі ханафи мазхабының құндылықтары және қоғамындағы орны мен рөлі туралы айтып өтті.
Кезекті сөзінде Ахметжан қажы Керімбек:- Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадис шәріпте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсынғаны. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбағаны. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді (әл-Бухари және Муслим). Бұл халықтың өз басшысына бойұсынып, оған қолдау көрсетудің қажеттігін дәлелдейтін хадис. Демек, кешегі Жолдауды бүгінгі әрбір қазақстандық мұсылман қолдауы керек.- дей келе, - Дін насихатпен тарайды. Бүгінгі мешіт имамының ең негізгі міндеті Ислам құндылықтарын халыққа жеткізу. Қазіргі жастарымыздың дінге деген ықыласы күшті. Сондықтан мешіттерде оқылатын намаздар дәстүрлі ханафи мәзһабының тәртібімен оқылуы қатаң қадағаланады.

 Десекте, ханафи мәзһабын мойындамайтын жастар да келіп қатысатыны жасырын емес. Әйтсе де, оларға қатысты жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Оларға имамдарымыз әр намаз сайын ханафи мәзһабымен оқу керектігін ескертіп, талап етіп отырады. Олар көпшіліктің көкейіне қонып жүрген имамдардың уағыздарын тыңдағысы келмейді. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр бір жақ», демекші мешітте имамды, үйінде ата-анасын және жұмыста басшысын тыңдамауы мешіт имамының тәрбиесі емес.  Әлгі жастарымыз бұл «қыңыр қылықты» мешіттен емес, басқа жақтан үйреніп жүр, - деп оның ащы да болса шындық екендігін айтты.


 Кездесу соңында, жастарымызды теріс пиғылды ағымдардан арашалап алу жолдары, елімізде мұсылман қыз-келіншектерінің киім кию үлгісін ұлттық нақышта  жаңғыртуды қолға алу, дәстүрлі ханафи мазхабын насихаттау туралы қойылған сұрақтарға қанағаттандырарлықтай жауаптар берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: