Басы жоқ құстың ұшуы

Басы жоқ құстың ұшуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ибрахим (ғ.с.): "Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсет,» - деп өтінді. Алла Тағала: «Сен сенбеймісің?» - деді. Ол: "Әрине сенемін. Бірақ жүрегім орнығу үшін», - деді» ("Бақара" сүресі, 260).

Бәріне иман еткен Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар анық білу деңгейінен, анық көзбен көру деңгейіне өтуді қалады.

Сонда Алла Тағала: «Төрт құсты алып, оларды өзіңе жина. Сосын әр тауға олардан бір бөлшек қой» - деді ("Бақара" сүресі, 260).

Төрт құсты алып, оларды сойып, бөлшектеп, бір–бірмен араластырады. Содан соң, құстардың басын өзінде қалдырып, олардың етін, қауырсындарның жиынтығын төртке бөліп, төрт тауға апарып көміп қояды.

Алла Тағала:

«Содан соң, оларды шақыр. Олар саған жетіп келеді. Білгін! Расында, Алла өте Үстем, өте Дана" - деді.

Алла айтқандай Ибараһим (ғ.с.) құстарды шақырады. Сол кезде оның көз алдында құстардың денесі жиналып, бассыз бейнелене бастайды да, артынша Ибраһимге (ғ.с.) келіп, бастарын алып ұшып кетеді.

Иә, әлбетте, күмәнсіз, Алла Тағаланың құдіреті барлық нәрсеге жетеді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: