Тайып Ердоған – Түркия елінің 12-ші президенті

Тайып Ердоған – Түркия елінің 12-ші президенті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия тарихында президент сайлауы алғаш рет бірінші турда аяқталып, саяси бәсекеде елдің қазіргі премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған жеңіске жетті деп хабарлайды Deutsche Welle Түркияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап.

TRT телеарнасы таратқан мәліметке қарағанда, сайлау бюллетендерінің 99 пайызын санау барысында қазіргі премьер ел халқының 52,1 дауысын жинап, қарсыластарын басып озған. Ал оның қарсыластары - Ислам конференциясы ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Эхмеледин Ихсаноғлу мен Бейбітшілік және демократия  партиясы тең төрағаларының бірі Салахаттин Демирташ тиісінше 38,8 және 9,1 пайыз дауыс жинаған. Дауыс беруге сайлаушылардың 76 пайызы қатысқан. Бұл дауыс беруге құқылы жалпы тұрғындардың 38,7 миллионын құрайды.

«Бүгін біздің халық сайлауда өз таңдауын жасады», – деді Эрдоған  жексенбі күні кешқұрым сайлау қорытындысына белгілі бола салысымен Әділет және даму партиясының Анкарадағы штаб-пәтерінің алдында өткен жиында.

Түркия тарихында алғаш рет президент жалпыхалықтық дауыс беру тәсілімімен сайланып отыр. 1923 жылдан қазірге дейін Түркияның Мемлекет басшысын парламент сайлап келген болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: