Исламдағы ананың орны

Исламдағы ананың орны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ізгі ана

Қымбатты бауырлар мен қарындастар, сіздерге Алланың мейірімі мен рақымы болсын. Аллаға шүкір деп, бүгін барлығымыздың бас қосуымызды нәсіп еткен Жаратушымызға сансыз мадақтар айтамыз. Біз ұлы іс-шарада бас қосып отырмыз: «Аналар - жұлдыздан да биік». Бұл тақырыбымыз ерекше әрі бірегей, таңдаулы атау. Оны талқылау көптеген сағаттарды қажет етеді, осындай мұсылман әйелдердің адамгершіліктері жайлы айтылатын жиындарға адамдардың жиі келіп тұруы қажет деп санаймын.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисі бар, ол өте ерекше хадис. Ол хадисті келтірмес бұрын бұл хадистің тізбегіне қатысты әртүрлі көзқарастар бар екенін айтып кетуім қажет. Яғни, кейбір ғалымдар бұл хадисті сенісіз, әлсіз деп таныған болса, Шах әл-Бари бастаған өзге ғалымдар бұл хадисті сенімді деп тапқан. Бұл кісі хадисті өзгелер пікірлеріне қарамастан сенімді деп тапқан. Хадис имам Ибн Мәжанің Суннанында келеді.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жары, мүміндердің анасы Айша анамыз (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін келтіреді. Айта кететін бір мәселе - бұл жерде біз қарындастарымыз, әйелдеріміз жайлы айтпақпыз, бірақ бұл хадис ерлерге бағытталған. Сонымен, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: (арабск) - бұл хадистің бірінші бөлімі: «Ей, ер адамдар! Егер сендер отбасы құрмақшы болып, жар іздейтін болсаңдар »- бұл сөздерде ер адамдар аталғанымен, олардың әйелдерге де қатысы бар, себебі көптеген мәтіндер Құранда да, хадисте де кей кездері нақты ерлерге немесе нақты әйелдерге айтылса, кейбір мәтін ерлерге ғана айтылғанымен, мазмұнына қарай оған ерлер де, әйелдер де жатқызылады. Осылайша Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер сендер өздеріңе лайық жар іздер болсаңдар, ең жақсысын таңдаңдар. Балаларыңнын анасын өте мұқият әрі ең таңдаулы етіп алыңдар ». «Тахһайру» деген сөздің тікелей мағынасы: «Болашақ жар таңдаған кезде өте мұқият болыңдар» Бұл нені білдіретінін білесіздер ме !?Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге былай дейді: «Тыңдаңдар! Отбасы құрып жатқан кезде тек өзіңді, өзіңнің құқығыңды, өзара үйлесімділікті және қаншалықты жақсы әйел я күйеу табылғанын ғана ойлаудың қажеті жоқ. Ұрпағыңыз жайлы ойланыңдар, олардың да сендерде хақысы бар. Сәбиіңіз дүниеге келмеген болса да, хақысы бар ». Бұл сол нәрестеңіздің хақы.

Енді, баланың ата- анасының алдындағы алғашқы хақысы- әкесі я анасы жақсы жар таба алуында. Бұл анық дәлел. Бұл бірінші хақысы! Бұл тек бастамасы, тіпті сіздің жарыңыз жүкті болмай тұрып, тіпті сіз отбасы құрмай тұрғандағы хақысы осы. Баланың құқығы- оны тәрбиелейтін анасын жақсылардан таңдап алуыңызда жатыр. Балаңызға жақсы тәрбие бере алатын жарды таңдаңыз!Балаңызға жақсы әке бола алатын жігітті таңдаңыз! Өзіңіздің қара басыңызды ғана паналап, қандай әйел я болмаса жігіт ұнайтынына талпынбаңдар: «Әйелім дәмді ас әзірлеп береді», немес «Күйеуім алақанында аялайды» деп ойламаңыз. Қасыңыздағы сырты сұлу адамнан жаныңыздың тыныш болғанын ойламаңыз. Оның орнына болашақты ойлаңыз. Өз балаңыздың әкесін я анасын алдын ала таңдап алу деген жақсы ғой. Әрі бұл балаңыздың өмірге келмей тұрғандағы сіздегі ақысы болып табылады. Бұл оның хақысы. Бұл хадисті Ибн Мәжә жеткізген.
 
Біз аналар жайлы айтпақшымыз. Лайықты әке немесе ана жайлы жалпы айтып жатырмыз. Негізі «Аналар - жұлдыздан да биік» атты тақырыбымыз аналарға бағытталған. Себебі, баланың өмірінде ананың орны өте маңызды роль атқарады, әсіресе, алғашқы жылдарында. Біздер бұндай сөздерді жиі естиміз емес пе. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Балаларыңа ана таңдаған кезде өте мұқият әрі талғампаз болыңдар», - деген. Сіздің балаңыз оны өсіріп, мейлі ұл болсын, қыз болсын, тәрбиелеп жүрегінде Аллаға деген иманымен әрі тәуекелімен өсіретін анаға лайықты. Ілім беріп, денсаулығын күтіп, баланың бойында сабырлық пен ақыретке деген махаббатты сіңіріп, Аллаға және Оның Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат дәнін егіп әрі осы қасиеттерде таусылмас бақыттың барын түсіндіре тәрбиелейтін анаға. Сіз өте мұқият болуыңыз қажет. Бұл уйленуден бұрын орындалуы тиіс нәрсе, бірақ бұл- отбасы құрған адам нашар болып шығып, бәрін өзгерту керек дегенді білдірмейді. Барлығы да отбасы құрмай тұрып орындалуы шарт. Сондықтан да әлі де отбасы құрмаған бауырлар мен қарындастар, осы жайлы ойланыңыздар.Өз балаларыма кімді анасы я әкесі еткім келеді деп ойланыңыздар. Менің балаларыма Ислам аясында кім тәрбие бере алады? Мұндай сөздерді бәлкім жиі естіген боларсыздар. Біздің жиынымыз да осы жайлы.



Бәлкім сіздер «әрбір жақсы еркектің артында жақсы ана, жар, қызы тұрады» дегенді әр кезде де естіп жүрген боларсыздар. Ал мен осы жерде дәл осы сөздің керісінше мағынасын айтқым келеді: кез келген дінсіз, әдепсіз еркектің артында- өзі секілді дінсіз, жаман, қолдау мен жәрдем бермейтін, керісінше оған барлығын қиындатып қоятын жаман әйел тұрады.
 
Және де біз тағы да «ана - баланың алғашқы мектебі» деген сөзді білеміз, себебі сәбилік кезеңдегі ананың рөлі өте үлкен. Яғни ана баланың мінез- құлқы мен тәрбиесінде маңызды роль атқарады. Баланың ержетіп, ересектердің өміріне қалай енетініне қосар ананың үлесі зор. Адамзат тарихындағы барлық адамдар, имамдар болсын, биікке қол жеткізген адамдар - имамдар, ғалымдар, сахабалар олардың барлығы да анасының қолында өскен сәбилер болған.Олардың бұл жетістіктері о бастан, әкесі отбасын құрмастан- ақ басталған.Барлығының бастауы - Ана. Мен барлығы да туылғаннан соң басталады деп тұрған жоқпын. Барлығы да бала өмірге келместен бұрын басталады. Жүктілік кезеңінен. Ер адам өзіне лайық серігін әрі баласына ана таңдаған кезден басталады. Сондықтан да, көріп отырғанымыздай, барлығы баланың дүниеге келуінен бұрын басталады екен.
 
Ғалымдар: «Егер екі жас бала қалайтын болса, кейін отбасы болып жатса, өздерін жақсартулары керек» дейді. Алайда оны көп адамдар жасамайды. Тым болмаса бала өмірге келгенге дейін өмірлеріңізді өзгертіңіз, өз өміріңізге жақсы әдеттерді қалыптастырыңыз. Және де әйел адамның қандай жағдайда жүкті болатыны, жүктілік кезінде өзін қалай ұстайтыны көп әсерін береді. Анасының жатырында болған кез - сәби үшін ең маңызды сәт. Сондықтан да барлығы да жүктілік кезеңінен басталады.

Әйел адам Алла Тағала оған сәби бергенін сезген сәттен бастап дұға етуі қажет, бұл сүннет! Бұл жайлы Құранда да айтылады. Атап айтқанда Мариямның анасы былай деп дұға қылған: «Я, Алла! Менің құрсағымда кім болса да - мейлі ұл, мейл қыз, мен Саған ант етемін, оны Саған құрбан етемін », әсте ол ұл болады деп ойлаған еді. Мұндай дәстүр бұрынғы өткен қауымдарда, пайғамбарлардың орталарында болған. Яғни анасы немесе екеуіде өз балаларын тек Алланың жолына ғана арнайтын болған. Осылайша Мариямның анасы да: «Я, Алла, мен оны Саған құрбан етемін» деп ант етеді.Бірақ ол қыз баланы көргенде көңілі түсіп қалады. Сөйтсе де, ол қыз баланы дүниеге әкеліп былай дейді, Құранда былай келеді: « Ол қыз баланы бүниеге әкелгенде былай деді: бұл қыз бала. Ол дұға етті: Я, Алла, бұл қыз, бұл ұл емес - қыз. Мен Сенен тек қана оны емес, оның ұрпағын, оның балаларын да панаңа алуыңды сұраймын » . Бұл -. Иса пайғамбардың анасы Мариям болатын және де Иса әлейхиссәләмнің апасының дұғасы еді Ойлаңыздаршы, бұл дұға тек өз қызына ғана жасалған дұға болған жоқ, оның бүкіл ұрпағына жасалған дұға болды, осыдан соң Мариямның өмірі толықтай Аллаға арналды.

 Дұғаны біліп, сезген сәтте-ақ, немесе анасы жүкті болған кезде жедел дұға етуі тиіс.

Бұл дұғалар Құраннан алынған: «Я, Алла, мені және ұрпағымды намаз құлушылардан ет». Бізге осы дұғаны намазымызда үнемі оқып тұруымыз қажет, тіпті сәлем бергенге дейін де, намаздардың соңында да оқуымыз қажет.Және намаздан соң: «Я, Алла, бізді жарылқа, әйелдерімізді және балаларымызды көзіміздің қуанышы ет. Бізді әділ, Саған бойұсынушы, тақуа жандардың алды ет » , яғни: біздің балаларымызды тақуалардан қыл.Балаларға ерте жастан, жүктілік кезеңнен бастап дұға ету керек.

Әйелдер, аналар, тіпті әкелері де түн ортасында тұрып, екі ракағат түнгі намаз оқып дұға қылыңыздар. Әйел адам жүкті болған кезде қандай тамақ жейтіні, не туралы ойлайтыны өте маңызды. Егер жүктілік кезінде ол уақытын құлшылыққа, зікірге, Алланың Кітабын оқуға, намаздарын ықыласпен оқып, қанағатпен үздіксіз дұға қылуға жұмсаса, мұның барлығының әсері болады.Алайда жүктілік кезінде ол әйел небір түрлі «голливуд», «болливуд» немесе «лолливуд», тіпті бір кісіден жақында ғана естігенімдей, Бангладеште те «далливуд» дегендерді көре берсе, онда ол бала қандай болмақ? Егер сіздер сериалды операларды көретін болсаңыздар, балаңыз әртіс болады немесе болғысы келеді. Ал егер жүктілік кезде әрі емізулі уақытта футбол көретін болсаңыз, балаңыз Девид Бекхем болғысы келері анық. Ал егер сіз қиял- ғажайыпты көрсеңіз, балаңыз Гарри Поттер болғысы келеді. Ия, солай. Ал сіз қалай ойлайсыз? Егер сіз жүктілік кезде Алланың Кітабын оқып, Құранның аяттарының астарына үңіліп, сахабалардың өмірбаянын оқитын болсаңыз, балаңыз сахабаларға тартуды армандап өседі. Осының барлығы әу бастан басталады, алайда жүктілік кезеңінің ерекше маңыздылығы бар.  

Кітап оқыңыз. Мысалы мынандай тақырыптарда: «Ана болу», «Ізгі ана», «Жүктілік кезінде не істеу қажет?» Тағы басқа. Ең бастысы Алланың кітабын оқыңыз, құлшылық қылыңыз әрі оны арттырыңыз. Одан кейін әлбетте жаман әдеттерден аулақ болыңыз: қарғыс, қызғаныш, жек көру және біреуді жамандау секілді қасиеттер. Әсіресе, егер жүктілік кезеңде ананың мінезі жаман болатын болса ... яғни жүкті кезде, емізулі кезде екі сағаттап телефонмен өзінен басқа бүкіл әлемді түгендер болса, оның баласы да сөзшең болады. Ал егер әйел ашуланшақ болатын болса, баласы да өскен соң өзгелермен сөз таластырғыш болады, себебі, мұның барлығының әсері болады. Тарихта ананың мінезі, оның өмір салты, жүктілік кезінде және емізулі кезде немен айналысқаны балаға әсер еткен көптеген мысалдар бар. Тіпті ғылымның өзі ана құрсағында жатқан баланың одан соң емізулі баланың миы мен есту қабілеті өте тез қабылдағыш болатынын дәлелдеген ... .Баланың есту, көру қабылеті ерте оянады.
 
Абдул Қадир әл Жиләнидің басынан өткен бір оқиға бар. Ол өмірге келген кезде Құранның біразын білген. Осындай оқиға бар. Себебі оның анасы жүктілік кезінде және босанғаннан соң да емізулі кезде көп Құран оқитын болған. Тағы да бір оқиғаны айтайын, Шах Закариә әл Кандехли деген кісінің оқиғасы. Ол өмірден жақында ғана озған, 1981 жылы. Ол өзінің екі жасар бала болған кезінде Құранның алғашқы жүзінің жартысын жатқа білгендігін айтады. Бұған себеп болған нәрсе, анасының оны емізген кезде қасиетті Құранды оқитын жақсы әдеті болған екен. Бұл сонау ерте кезден бастау алады, әрі бұған жауапты адам анасы болып табылады.

 Өз балары үшін дұға ету, теріс қылық жасамау әсіресе жүктілі және емізулі кездегі ең маңызды амал болып табылады. Ешқашан да, бірде бір теріс қылық жасамауға тырысып, бүкіл сананы тазалау қажет. Емізулі кезде кітап оқыңыз, бұған тиым салынбаған, тек Құран оқу емес, сиралар оқыңыз, өзге де ислами кітаптар оқыңыз. Бұл шынымен де өте маңызды. Ешқашан, ешқашан да Алла үшін, емізіп отырып теледидардан ешнәрсе көрмеңіз, себебі мұның соңы жақсы болмайды. Бала өскенде қыңыр болып, Исламның жолынан таяр болса, оған анасы кінәлі болады, себебі ол жүктілік пен емізулі кезде балаға мән бермеген.Ата- аналар бір, екі, үш және төрт жасқа келгенше баланың тәрбиесіне аса мән бермейді, оларды Ислам аясында бала өсіру мәселесі толғандырмайды. Бұл жайлы мүлде ойламаймыз да олардың қалаған істеріне жол береміз. Олар ер жетіп, 18 жасқа толып, өтпелі кезеңге келіп, кенеттен есірткіге үйір болғанда ғана ата- анасы шырылдай бастайды, сонда олар не дейді !? «О! Не істерімді білмеймін, менің балам діннен алыстап, қыздармен қыдыратын болды - немесе қыз болса ұлдармен қыдыратын болды ». Осылайша олар барлығын сиқырға жабады. Мен ондай адамдарға не айтамын, білесіздер ме !? Сендер ол сиқырды өздеріңе өздерің жасағансыңдар. Мен рас айтып тұрмын, бұл сиқырға кінәлі тек өздерің. Тікелей мағынада емес, әрине, бірақ бұл осылай, себебі сендер өз балаларыңа көңіл бөлген жоқсыңдар. Ал егер өз отбасыңа мән бере алмаған болсаң, барлығын сиқырға жабу ең оңай жол. Әсіресе біздің адамдар қит етсе болды, сиқыр жасалды деп шыға келеді де өз мойнындағы жауапкершіліктен оңай құтылады. Олай жасау әрине оп-оңай. Сіздер әншейін жаман ата- ананың қатарында болғыларыңыз келмейді, сондықтан да барлығын сиқырға итере саласыздар. Адамдар сіздерді нашар ата- ана деп ойламасын деп: «Мен жақсы ана- анамын ... енді мен не істей аламын ... қолымнан келгенді жасадым ...» дейді. Адамдар үшін күрделі мәселені сиқырға итере салу - ең оңай жол. Сіз білесіз бе, бұл қоғамдағы ең үлкен қатер. Егер біреу қиын жағдайға тап бола қалса, жедел сиқырға итереді. Ата- анасы Исламнан тайса - сиқыр. Бір оқиға болған, жақында бір қарындасымыз менімен сөйлесті ... оның санасына сиқыр кіріп алғаны соншалық тіпті ас үйде қасық құласа да сиқыр деп санайды. Біреу ауыра қалса - сиқыр. Болды енді, жетер! Біз адам болғандықтан өмір неше түрлі қиындық пен сынаққа толы. Бұл Жәннат емес, бұл жердегі өмір!

Жалпы айтқанда, барлығы да ерте жастан, балалық шақтан басталады. Емізулі кезде ана өте сақ болуы қажет. Ешқашан күнә істемей, Аллаға құлшылық етіп, күнәдан алыс болуы керек, әсіресе өсек сияқты тағы да басқа күнәлардан.Барлық ойын, зейінін Алланың дініне қызмет етіп жүрген, өзі жақсы, өзгелерді де жақсылыққа шақырушы тақуа, ізгі адамнан үлгі ала отырып, баланың тәрбиесіне арнауы қажет. Баланың тәрбиесіне ерте жастан көңіл бөлу қажет.

 Егер біз имамдардың өмірлеріне қарап отырар болсақ, олардың ішінде өмірге келместен анасынан айрылғандары да бар. Бірақ жалпы басым бөлігін асыраған, өсірген, күткен, ілім берген аналары болған. Аналардың уайымы - баласының тәрбиесі мен білімі болу керек. Сіздер имам Мәлік жайлы естігенсіздер ме? Имам Мәлік біздің үмметтің үлкен имамы. Егер сіздер имам Мәлік жайлы оқыған болсаңыздар, оны құрметтеу керексіздер. Имам Мәлік үлкен тұлға, үлкен қалып. Ол Мәдина қаласының имамы ретінде танымал болған. Мәлік ибн Әнас үмметтің үлкен имамдарының бірі. Сахабалар мен табиғиндерден соң келген үлкен- үлкен 10 имамның тізіміне қарайтын болсаңыздар арасынан міндетті түрде имам Мәлікті табасыздар. Бәлкім алғашқы бестіктің ішінен табуыңыз мүмкін. Имам Мәлік өте ғажап адам. Ол теңдессіз ғалымдардың бірі. Егер оның өмірбаянын оқыр болсаңыз, бала кезінде ойынпаз бала болғанын түсінесіз. Ол кептерлерді қуғанды ​​жақсы көрген және музыкалық заттарды, яғни ән айтушылардың заттарына әуес болатын.Оған ұнайтындар осылар еді. Мұны ата- анасы да көрген. Ал оның әкесі өз баласына көп әсер берген. Бірде имамның әкесі ағасы екеуінің арасында жарыс жасайды да ағасы жеңіп кетеді. Мұны көрген әкесі күлімдеп, өмірде мұндай нәрселерді жүрекке жақын қабылдауға болмайтынын түсіндіреді. Сол кезде Мәлік ибн Әнас: «Маған кептерлерің артынан жүгірудің қажеті жоқ, мен әншілерге барайын, менің музыкант болғым келеді». Ал осы кезде оның анасы былай дейді: «Тыңда! Балам, сен оларға жақындамайсың », мұны имамның анасы айтып жатыр,« сен музыканттар мен әншілер бар жерге бір қадам да жақын бармайсың! Ешқшанда! Білімге талпын! (Дегенмен олар нашид айтатын әншілер болатын) Білім ал! Білімге талпын »Кейін имам Мәлік былай деген, бұл оның әр кітаптан таба алатын ұлы сөзі еді:« Менің анам әрқашан маған сәлде орап беретін », ал өзге нұсқасында былай деп келеді:« Анам маған ғалымдар секілді, білімді, тура әрі тақуа адамдар секілді киім кигізетін. Мен бес жасар болған кезімде анам үнемі маған сәлде орап беретін. Осыдан соң ол бірінші күні маған былай деген: «Бар, имамдардың арасына бар да солардан ілім ал!», Деп сол замандағы ғалымды атаған. Оны Рабиъату Ар-Рай - ғалым адам деп атаған. Үлкен ғалым және имам Мәліктің негізгі ұстазы. «Рабиъаға бар». Осыдан соң анасы былай деген: «Одан ілім алмастан бұрын оның әдеттерін, әдебін, мінез- құлқын үйрен!» Бұл насихаттың ішінде көп нәрселер жатыр. Біріншісі: Оның анасы оған: Саған оқу қажет! Музыкант болмайсың!Анасы білген, қызыққан ... Ол баласының қандай жолмен кететінін білгісі келген. Тіпті анасы сол заманның үлкен ғалымдарын да білген. Анасы былай дейді: «Тыңда! Сен Рабиъадан білім алуың қажет! Басқа шейхқа барма. Дәл сол имамға бар! »Бұл оның анасы! Осыдан соң ол оған ол ғалымнан меңгеретін ілімдерді де айтады, яғни бірінші хадис немесе фиқһ, тәпсір немесе әдеп, ахлақ тағы басқа. Бұл өзін баласының тәрбиесі мен болашақтағы алатын іліміне көңілін бөлген ана.

Дәл осындай жағдайды имам Шафиғиден де кездестіреміз. Имам Шафиғи үлкен төрт имамның бірі. Сіздер имам Шафиғидың - Мұхаммад ибн Идрис, Палестинаның заманауи аумағы Газада туылғанын білесіздер ме? Ол сәби еді.Жүктілік кезеңде де, өлімінен соң да оның анасы ізгі ананың қарапайым ғана үлгісі бола білді. Ол сондай таңғажайып еді! Осы адамдар жайлы оқыңыздар.Таңғажайып мысал. Ол жас, өте әдемі болған, бірақ өзінің баласы үшін ешқашанда тұрмысқа шықпаған. Бұл тұрмысқа шықпау керек дегенді білдірмейді. Егер әйел ажырасқан я болмаса жесір болса, енді тұрмысқа шыға алмайды деп түсіну, қате болады. Бірақ бұл оның жеке таңдауы мен шешімі болған. Ол тағы бір тұрмысқа шығу мүмкіндігін баласына құрбан етті. Ол имам Шафиғидың тегі Бану Муталлибтың руынан екенін білді, яғни Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұрпағынан екенін.Ол Құрайыш ұрпағынан, мырзалар ұрпағынан болған. Ол әйел баласы үшін хижрет жасаған. Ол өте кедей болған, дүние- мүлкі болмаған, сапар шегудің өзі қауіпті болған, бірақ ол өзінің кішкене ұлын алып Газадан Меккеге қарай көшкен. Себебі көптеген имамдар сол жерде болған, әрі ол өзінің ұлының үлкен ғалым болғанын қалаған. Ал ол сапарды 10 сағатта жетіп баратындай пойызбен жасамағаны белгілі. Бұл сапар түйемен, кейде жаяу жүрілді. Бұл имам Шафиғидың анасы болатын. Өзінің кедей тұрмысына қарамастан, баласының оқуына төлейтін де қаражаты болмаған. Алайда не болды? Алла Тағала ол әйелді жарылқады. Ол Аллаға тәуекел еткен еді. Қолында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұрпағынан болған кішкентай баласы бар жалғыз ананы жергілікті ғалымдар көреді. Олар оған тегін ілім берді.Осылайша имам Шафиғи үмметтің үлкен әрі теңдессіз тұлғасы болып қалыптасты. Фақиһ, құқықтану маманы, араб тілінің майталманы болды. Оның «әр- Рисәлә», «әл Умм» секілді кітаптарын оқыңыздар. Имам Шафиғи ақын болған. Ол жанып тұрған ақын болатын, әрі араб тілінің шебері еді. Ол сөйлеген кезде шешен болған. Айта кету керк, ол имам Мәліктен ілім алған, оның шәкірті болған. Имам Шафиғидың анасы да білімді, ғалым әйел болатын.Оның белгілі бір дәрежедегі ілімі болған. Ол сол заманның ғалымдарына кейбір дәлелдерді келтіріп, ұсынатын болған.
Біз бұл жерде жүктілік кездегі дұғаның балаға беретін әсері жайлы айтып жатырмыз. Бала тәрбиесіне аса қызығушылық таныту қажеттігін айтып жатырмыз. Үйдегі әзірленген тағамның орны мен әсері де үлкен: кім жасады, қалай жасады деген. Біз тіпті тамаққа қосатын етіміздің халал әлде харам екендігіне де мән бермейміз. Алла Тағала Құранда былай дейді: «! Сендерге рұқсат етілгендерді жеңдер» Егер әлдекім ас әзірлер болса менің анам болсын, сіздікі болсын, біздің анамыз я болмаса әйелдеріміз немее қыздарымыз болсын тамақты Алланы зікір етіп әзірлер болса, егер ол Құранды білсе, оны оқып тұрып әзірлер болса , елестетіп көріңіздерші, ол Құран оқып отбасына тамақ жасап жүр. Ондай тамақта қаншалықты береке мен нұрдың болатынын елестете беріңіздер. Таптырмас ас, сіздер ондай асты әлемнің еш жерінен де таба алмайсыздар. Сондай- ақ мейрамханалардан тамақтанудан сақ болу қажет, себебі ол жерде де тамақты кімнің қалай дайындағанын білмейсіздер, ұрсысып жүріп па, Алла жақсы білуші. Себебі желінген астың қалай, кімнің дайындағанына байланысты да адамға әсер етеді. Тіпті мынандай оқиғалар да болған. Егер әйел адам тамақ әзірлеп жүріп болливуты көрер болса, онда сіз ол тамақты жеп болливуд әртісі боласыз. Егер ол әйелдің HD сапалы, диагоналі 107 сантиметрлік теледидары болса ол жерде «ливерпуль» мен «манчестер юнайтед» ойнап жатса, ол соған қарап отырып, тамақ әзірлейтін болса ... Немесе ол әйел сол теледидардан аты жөні мен мағынасы дым түсініксіз реалити шоуды көріп жүріп әзірлер болса, сіздің басыңыз да соған толып кетеді. Түсініп тұрсыз ба? Осының барлығының әсері болады.
 
Бір оқиға бар алайда оның астарына үңілуге ​​бізде уақыт жоқ. Бұл оқиға имам Шафиғи мен Ахмад ибн Ханбалдың арасында болған. Ахмад ибн Ханбал тумасынан ерекше адам болған әрі оны да анасы әдепке баулыған болатын.Бірақ біз бұл жерде имам Ахмадтың ұстазы имам Шафиғимен болған оқиғаны баяндаймыз. Алайда кім кімге барғаны жайлы әртүрлі нұсқалары бар. Бірақ сол нұсқалардың бірі имам Шафиғи егде тартып, имам Ахмад оның шәкірті бола жүріп, өзі де үлкен ғалым болған кез. Бірде имам Шафиғи оған былай деп хат жазады: «Тыңда, сен үлкен ғалым болдың. Сені көрмегелі біраз уақыт өтті, сенімен көріскім келеді ». Имам Ахмад бос уақыт тауып былай деп жауап берді: «Иә, көріспегелі көп уақыт өткенін білемін, сен менің ұстазымсың, мен саған баруым керек». Осылайша олар уақытын келіседі. Ол имам Шафиғиды зиярат етіп келеді, ал имам Шафиғи болса өз ауылынан шығып, шәкірттерімен, сол заманның үлкен ғалымы болған өзінің теңдессіз шәкіртін күтіп алуға шығады. Сонымен имам Ахмад имам Шафиғидың үйінде қонақ болып бірнеше күнге қалады. Имам Шафиғидың қызы оларға ас әзірлеп беретін. Ол тамақтанып болған соң оған жатын бөлмені көрсетеді. Имам Шафиғи үйінде үнемі имам Ахмадты мақтайтын болған: «Ол менің керемет шәкіртім, ол өз заманының теңдессіз ғалымы болды, мен онымен мақтанамын». Өзінің қызынада осылайша мақтап айтатын. Таң намазынан соң имам Шафиғи үйіне келген кезде қызы былай деді: «Әке, сен шәкіртіңді мақтайсың. Бірақ мен оны сондай дәрежеге көтермес едім. Менің ойымша сен қателескен сияқтысың ».Ол болса былай деп сұрады: «Неге?» «Менде үш дәлел бар:

Біріншіден, ол көп тамақ жейді. Мен бұрын- соңды ол секілді көп тамақ жеген адамды көрмедім. Ұлы адамдар көп тамақ жемейді.

Екіншіден, мен оған төсек салып бердім де, түнгі намазға арнап қасына дәрет су қойдым. Сіздер таң намазына мешітке кеткенде судың сол қалпында тұрғанын көрдім. Ол тіпті түнгі намазын да оқымаған. 

Үшіншіден, ол тіпті таң намазын да дәретсіз оқыған болып тұр. Оны үлкен имам деп қалайша атайсың? 

Таң намазынан соң имам Шафиғи имам Ахмадқа былай дейді: «Саған не болған? Мен саған еш күмәнданбаймын. Бірақ менің қызым шағымдануда ».Сонда имам Ахмад былай дейді: «Мәселе былай:
 
Біріншісі, ол тамақтан. Мен бұрын- соңды мұндай берекелі тамақ жеп көрмегенмін. Бұл асты әзірлеген адам Құран оқыған болу керек, себебі бұл тамақта соншама нұр болды. Сондықтан да бұл ас берекелі болып, мен оны жеп қойдым, әдетте мен аз жейтінмін.   

Екіншіден, бұл тамақтың берекесінен мен түні бойы ұйықтамадым да дәрет алуға қажеттілік болмады. Мен түнгі намазымды оқымадым, себебі түні бойы Құран мен Сүннеттен Исламның заңдарын үйрендім. Олар менің санама өз- өзінен келіп жатты. Осы тамақтың берекесі менің жүрегім мен санамды оятты.  

Үшіншіден, мен дәрет алмадым, себебі таңғы намазымды түндегі дәретіммен оқыған едім. 

Осыдан соң имам Шафиғи былай деді: «Көрдің бе, қызым. Мұның сыры осында ». Ал ол жеген асты имамның қызы әзірлеген болатын. Тамақты Алланы зікір етіп жүріп әзірлеген имам Шафиғидың қызы еді.

Тағы да аналардан көп нәрсе беріледі. Аналар баласына жастайынан қалай тәрбие беру керектігін ойланулары қажет. Біз тамақ жайлы айттық, білім жайлы, ендігі жерде әлбетте рухани тәрбие - иманды да ұмытпау керек. Ана баласын жастайынан тәрбиелеу керек. Әрине әкелер де. Сіздің бес жасар ұлыңыз мектептен келіп: «Тамақ жегім келіп тұр» дейді. Сіз оған күнде болмаса да арасында: «Алла ризық береді. Бөлмеңе бар да, киіміңді ауыстырып, дәрет ал да, екі ракағат намаз оқып, Алладан тамақ сұра, Ол саған тамақ береді, содан соң кел! Міне, көрдің бе? Сен Алладан сұрадың, Ол саған берді ».Жастайынан тәрбиелеу деген осы. Бұл өте маңызды! Сондықтан да ананың орны өте үлкен. Омар ибн Хаттабтың басынан өткен бір оқиғаны айтып берейін.Мен тек оқиғаның аяқ жағын ғана айтамын. Омар ибн Хатттаб халиф болып тұрған кезде ол үйлерді аралайтын. Оқиға естеріңізге түсті ме? Осылайша ол анасы мен қызының әңгімесін естиді. Анасы: «Қызым сүтке су қостың ба?Халиф Омар кетіп қалды ». Сол кезде қызы былай дейді: «Ал Алла ше? Алла көріп тұрған жоқ па? ». Халиф Омар мұның барлығын тыста естіп, кетіп қалады. Келесі күні ол әлгі қызды шақыртады. Ол қыз Омарды қатты таң қалдырғаны соншалық ол қызды өзінің ұлы Әсімге қалыңдық қылады. Ол ұлына барып «Тыңда, ол өте жақсы қыз, сен оған үйленуің керек», - дейді. Ол екеуінен Омар ибн Абдул Ъазиз дүниге келген. Әйел адамның беретін әсері жай дүние емес.
 
Тағы да бір керемет оқиға бар, ол Бұхаридың сахихында келген. Әбу Тәлха мен Умм Суләйм. Олар ерлі- зайыпты болған. Олардың қатты ауыратын балалары болған. Бірде Әбу Тәлха жұмысына кетеді де, кеште келгенде әйелінен ұлының жағдайын сұрайды. Ол: «Аллаға шүкір, бұрынғыдан да жақсы» деп жауап береді. Сондай дана әйел болған, қазыргі заманда ондай әйел жоқ шығар, бірақ Алладан болуын сұраймын. Елестетіп көріңіздерші, қаншалықты сабырлық сақтаған? Осы қасиетімен ол өзгелерге сабақ беруде.Осылайша ол күйеуіне ас әзірлеп, кешкі асты ішкен соң, екеуі жақындасады.Қажеттіктерін өтеп болған соң, Умму Суләйм Әбу Тәлхаға былай дейді: «Күйеуім, саған сұрақ қойсам бола ма?». Ол болса: «Әрине». Умм Сәләма: «Егер көршіміз бізге уақытша бір нәрсе беріп, кейін оны қайтаруды сұраса, біз қайтармасақ ол дұрыс бола ма?» Ол: «әрине, дұрыс емес. Егер біз көршімізден уақытша зат алып, олар қайтаруды талап етсе, біз оны қайтаруымыз қажет »деп жауап береді. Осыдан соң әйелі: «Алла бізге ұл беріп жарылқады, енді оны өзіне қайтып алды». Ол есінен адасып қалды. Көңілі түсті. Бірақ әйелінің қандай жан екеніне таңқалды. Керемет әйел. Осы сөзге қаншалықты терең мағына сидыра білді. Айқайлап, байбалам салмастан сабыр ете білді. Әбу Тәлха Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітіне барады. Таң намазынан соң ол болған жайды айтып береді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біраз әсерленіп, былай деп дұға қылады: «Алла сендердің өткен түндегі жақындасуларыңды хайырлы етсін». Хадисте осы дұғаның нәтижесінде олардың ұрпағынан Алла Тағала Исламның үлкен ғалымдарын және үлкен Құран оқушыларды берген деп келеді. Оларда үлкен береке болған. Мне, ана деген. Шындығында ол тікелей әсер етуші адам екен.

 Жүктілік кезінде және емізулі кезеңдегі ананың бойында болған барлық әдеттер, қасиеттер мен мінездің қырлары балаға беріледі. Егер ол батыл болса, батылдығы балаға беріледі. Бірде Омар бин Хаттаб Мәдинаға келеді, оның келе жатқанын көрген балалар қорқып кетеді де барлығы қаша жөнеледі.Омар болса: мүміндердің әміршісі келе жатыр, ал олар болса жоқ боп кетті.Бірақ сол жерде жалғыз ғана бала қалған екен. Сол кезде Омар одан: «Ал сен неге қашпадың?» Деп сұрайды. Ол болса: Біріншіден, мен ешқандай жамандық жасаған жоқпын. Не үшін қашуым керек !? Екіншіден, жол сіз еркін өте алмай қалатындай тар емес. Еркін өте аласыз. Сонда Омар былай деп сұрайды: «Сенің атың кім?» Бала: «Абдулла ибн Зубайр». Сонда Омар: «Таңқалмаймын.Бұл Әбу Бәкірдің қызы Әсманың ұлы ғой ». Әсма Әбу Бәкірдің қызы болған, ол өте батыл еді. Оның батылдығы нәтижесінде баласы да батыл болған екен.Себебі сондай қасиеттер анадан балаға беріледі. Егер анасы сабырлық, батылдық және бұл дүниеден ақыретті жоғары қоятын қасиеттерді бойына сіңірген болса нұр үстіне нұр. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жары Айшаны қатты жақсы көруінің себебі, біз жарының көптеген жақсы қасиеттерін айта аламыз, бірақ ең басты себебі, ол бұл өмірден ақыретті жоғары қоятын еді. Алла Тағаладан бізге тауфиқ беруін сұраймыз. Осымен біз сабағымызды аяқтап, Аладан біздерге тауфиқ беруін сұраймыз.   

 
 
____________________ Орыс тілінен аударған  Azan.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: