Ата-анам Исламды қабылдау үшін қандай дұға жасауым керек?

Ата-анам Исламды қабылдау үшін қандай дұға жасауым керек?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Сұрақ: Мен Исламға үш жылға шамалас уақыт бұрын қайтып оралдым. Алайда, әке-шешем мен ағам әлі мұсылман емес. Содан бері (Исламға келгелі) Алладан оларды тура жолға бастауын сұрап дұға қылып жүрмін. Олар – өте жақсы адамдар. Бірақ, менің не үшін Исламды таңдағанымды түсіне алар емес. Мен әкемнен қатты қорқамын, сондықтан, оған Исламның ақиқат екенін айтуға батылым бармайды. Мен мұны анама түсіндіріп көруге тырыстым, бірақ, біздің (ол жайындағы) әңгімеміз үнемі сөз таластырумен аяқталады. Оларға өз таңдауымды түсіндіру қолымнан келмейді. Бәлкім, Алладан оларды тура жолға бастауын сұрауға арналған арнайы дұға бар шығар? Анамның денсаулығы нашар. Мен оны ойлап қатты уайымдаймын. Жақындарымның Исламды қабылдағанын бар жан-тәніммен қалаймын. Өтінемін, олар үшін дұға қылыңыздаршы және соған арналған қандай да бір дұға бар ма, айтыңыздаршы. Оған қоса, әке-шешем мен ағамның Исламды қабылдауы үшін мен не істей аламын?

Жауабы:

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен. Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уа баракятух!

Исламдағы қарындасымыз,

Біз сіздің тамаша әрі кемел жол – Ислам дінін таңдағаныңызға өте қуаныштымыз. Алла Тағала сізге кәміл иман беріп, дінде бекем етсін және Исламның ақиқатын әлі қабылдамаған қалған туыстарыңызды тура жолға бастасын.

Отбасыңызға Исламның ақиқатын түсіндіруге тырысуда қиындықтарға кезіккеніңіз және де жақындарыңыз үшін, әсіресе, анаңыз үшін алаңдауыңыз – шынайы мұсылманға тән қасиет әрі иманның белгісі болып табылады. Саңлақ сахабалардың (Алла оларға разы болсын) өміріне көз жүгіртсеңіз, Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) секілді сахабалардың дәл осындай қиындықты бастарынан кешіргенін көріп, таң қаласыз. Мына хадисті қарап көрелік:

حَدَّثَنِي أَبُو هُرَيْرَةَ، قَالَ كُنْتُ أَدْعُو أُمِّي إِلَى الإِسْلاَمِ وَهِيَ مُشْرِكَةٌ فَدَعَوْتُهَا يَوْمًا فَأَسْمَعَتْنِي فِي رَسُولِ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم مَا أَكْرَهُ فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم وَأَنَا أَبْكِي قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنِّي كُنْتُ
أَدْعُو أُمِّي إِلَى الإِسْلاَمِ فَتَأْبَى عَلَىَّ فَدَعَوْتُهَا الْيَوْمَ فَأَسْمَعَتْنِي فِيكَ مَا أَكْرَهُ فَادْعُ اللَّهَ أَنْ يَهْدِيَ أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم ‏"‏ اللَّهُمَّ اهْدِ أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ ‏"‏ ‏.‏ فَخَرَجْتُ مُسْتَبْشِرًا بِدَعْوَةِ نَبِيِّ اللَّهِ
صلى الله عليه وسلم فَلَمَّا جِئْتُ فَصِرْتُ إِلَى الْبَابِ فَإِذَا هُوَ مُجَافٌ فَسَمِعَتْ أُمِّي خَشْفَ قَدَمَىَّ فَقَالَتْ مَكَانَكَ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ ‏.‏ وَسَمِعْتُ خَضْخَضَةَ الْمَاءِ قَالَ - فَاغْتَسَلَتْ وَلَبِسَتْ دِرْعَهَا وَعَجِلَتْ عَنْ خِمَارِهَا فَفَتَحَتِ الْبَابَ ثُمَّ
قَالَتْ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ - قَالَ - فَرَجَعْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم فَأَتَيْتُهُ وَأَنَا أَبْكِي مِنَ الْفَرَحِ - قَالَ - قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ أَبْشِرْ قَدِ اسْتَجَابَ اللَّهُ
دَعْوَتَكَ وَهَدَى أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ ‏.‏ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ وَقَالَ خَيْرًا - قَالَ - قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ ادْعُ اللَّهَ أَنْ يُحَبِّبَنِي أَنَا وَأُمِّي إِلَى عِبَادِهِ الْمُؤْمِنِينَ وَيُحَبِّبَهُمْ إِلَيْنَا - قَالَ - فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم ‏"
اللَّهُمَّ حَبِّبْ عُبَيْدَكَ هَذَا - يَعْنِي أَبَا هُرَيْرَةَ وَأُمَّهُ - إِلَى عِبَادِكَ الْمُؤْمِنِينَ وَحَبِّبْ إِلَيْهِمُ الْمُؤْمِنِينَ ‏"‏ ‏.‏ فَمَا خُلِقَ مُؤْمِنٌ يَسْمَعُ بِي وَلاَ يَرَانِي إِلاَّ أَحَبَّنِي

Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) былай баяндайды:

«Мен пұтқа табынатын анамды ұзақ уақыт Исламға шақырумен болдым. Бірде мен оны тағы да дінге үндегенімде, ол маған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы сорақы сөздер айтты.

Сонда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына жылап бардым да: «Ей, Алланың Елшісі! Мен анамды осы кезге дейін Исламға шақырып келген едім. Бірақ, ол менің сөздеріме құлақ аспайтын. Бүгін де оған үндеу айтып едім, ол менің жүрегімді ауыртатын сөздер айтты. Алладан Әбу Хурайраның анасын тура жолға  салуын сұрап дұға қылшы», - дедім. Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Я, Алла! Әбу Хурайраның анасын тура жолға бастай гөр!».

Содан соң мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасына дән риза күйде үйге қайттым. Үйге келіп, есікті тартып қарасам, ішінен кілттеулі екен. Анам менің келгенімді естіді де: «Әбу Хурайра, күте тұр», - деді. Сол кезде аққан судың дыбысын естідім. Ол шомылып жатқан екен. Аз ғана уақыттан соң үстіне көйлек жамылып, жылдам басын орады да, есікті ашып: «Әбу Хурайра, мен Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммедтің Оның құлы әрі Елшісі екеніне куәлік етемін», - деді».

Әбу Хурайра сөзін былай жалғастырады: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына қуанғаннан көз жасымды тыя алмай қайтып бардым да: «Ей, Алла Елшісі, Алла Тағала сенің дұғаңды қабыл алып, Әбу Хурайраның анасын тура жолға салды!» - дедім. Ол (Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптеді.

Мен: «Ей, Алла Елшісі, Алладан біздің көңілімізде Оның мүмін құлдарына деген сүйіспеншілікті тудырып, жүрегімізді сол махаббатқа (мұсылмандарға деген) толтыруын сұрап, дұға қылшы», - деп сұрадым. Сол кезде Алланың Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Я, Алла, Сенің құлдарыңның жүрегінде осы құлдарыңа (Әбу Хурайра мен оның анасына) деген сүйіспеншілік орнап, олардың да жүректері мұсылмандарға деген махаббатқа толы болсын». Содан соң Әбу Хурайра: «Бұл дұғаны Алланың қабыл алғаны соншалық, мұсылман адамдардың арасында мен жайлы естіп, мені көргеннен кейін мені жақсы көрмеген бірде-бір жан болмады». (Муслим, 2491) (1)

Хадистен белгілі болғандай, Алланың пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Хурайраның анасы үшін мына дұғаны жасаған:

(اللَّهُمَّ اهْدِ أُمَّ أَبِي هُرَيْرَةَ) (Аллоһумма иһди умма Аби Һурайра) «Я, Алла, Әбу Хурайраның анасын тура жолға бастай гөр». 

Демек, сіз де отбасыңыздағы әрбір адам үшін осындай дұға жасасаңыз болады.

Дұға қылумен қатар, Исламның әмірлерін орындап, отбасыңызға үлгі бола біліңіз. Сонда оларға көркем мінездің өнегесін көрсету арқылы жүректерінен орын таба аласыз. Көркем мінез Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тән басты қасиет болған. Хадисте былай делінген:

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ، أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَا شَيْءٌ أَثْقَلُ فِي مِيزَانِ المُؤْمِنِ يَوْمَ القِيَامَةِ مِنْ خُلُقٍ حَسَنٍ، وَإِنَّ اللَّهَ لَيُبْغِضُ الفَاحِشَ البَذِيءَ

«Қияметте амалдар өлшенгенде мұсылман үшін таразыны ауыр басатын бірден-бір амал – көркем мінез. Расында, Алла Тағаланың алдында ғайбат айтушылар мен өнегесіздер жиіркенішті» (Тирмизи, 2, 20-бет, Кадими).

Ең дұрысын Алла біледі.
Исмаил Давуджи, Даруль-Ифта студенті, Замбия,
Мүфти Ибрагим Десаи тексеріп, мақұлдаған.

معجم الكبير لطبراني-76 المكتب الإسلامي) [1
مسند احمد-8259مؤسسة الرسالة)
مستدرك للحاكم-4240دار الكتب العلمية

____________________ 

Орыс тілінен аударған Azan.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: