ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С) - ӘЛЕМГЕ ТҮСКЕН МЕЙІРІМ (ФОТО)

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С) - ӘЛЕМГЕ ТҮСКЕН МЕЙІРІМ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің әйел-қыздар секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен «Пайғамбарымыз(с.ғ.с) - әлемге түскен мейірім»- атты Мәуліт кеші өтті. Жиынға мешіт шәкірттері мен ұстаздар шақырылды.

Қасиетті кеш Құран кәрім оқумен басталып, уағызбен жалғасын тапты. Қонақтарға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны, Ислам дінін таратуы, хижрет жасауы жайлы қазақ және орыс тілдерінде айтылды. Сауат ашу курсының жас шәкірттері Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған салауаттарды араб тілінде шырқады. Арнайы әйел жамағатына арналған викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Дұрыс жауап берушілерге сыйлықтар табысталды.

Әр айда шәкірттер қатысуымен  бірлесе оқылып отыратын Құранды көпшілік алдында Жібек ұстаз хатым етіп, ата-баба рухтарына бағышталды. Қонақтар дастарханға отырғаннан кейін мешіт ұстазы Санталат Мирзаева бата беріп, жақсы тілектерін арнады. Жиын соңында ақ жаулықты әжелер керемет көңіл–күй сыйлағаны үшін  ұйымдастырушыларға алғыс айтып, разылықтарын білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: