«ШӘКІРЖАН АТА» МЕШІТІНЕ 20 ЖЫЛ!

«ШӘКІРЖАН АТА» МЕШІТІНЕ 20 ЖЫЛ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2019 жылдың желтоқсан айында қаламыздың орталығында орналасқан «Шәкіржан ата» мешітінің ашылғанына 20 жыл болды.  Мешіт имамы Мадалиев Ділмұраттың ұйымдастыруымен 250 адамға дастархан жайылып, Жамбыл облысының бас имамы Қанат Әділханұлы, қала имамдары мен жамағат арнайы қонаққа шақырылды. Көпшілікке Қанат Әділханұлы ынтымақ туралы уағыз айтты.

Ұлы Аллаһ Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес» дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екендігін білдірген. Ислам діні әрбір ұлт өкілдеріне құрметпен қарап ешкімді ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап ажыратып бөлмейді. Уағыз айтылған соң Қанат Әділханұлы Ділмұрат Бұрханұлына дін жолында атқарған қызметі үшін алғыс хатпен марапаттап, шапан жапты.

Сондай-ақ, өзбек мәдени орталығының басшысы имамға разылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Жиын соңында Құран оқылып, еліміздің бейбіт те берекелі болуына дұға етілді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: