Шу ауданында дүбірлі Мәуліт кеші аталып өтті

Шу ауданында дүбірлі Мәуліт кеші аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде екі жаһан сардары Пайғамбарымыз (с.а.у) құрметіне арналған мүбарак Мәуліт кеші өткізілді.

Мәуліт кеші Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлының қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Мәуліт кешіне шулық ақсақалдар мен ақжаулықты апа-әжелеріміз, сондай-ақ аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысты.

Мәуліт мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы және Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет құттықтап сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді. Ғазиз ұстаз Пайғамбарға (с.а.у) болған сағыныш жайында сыр шертті.

Аталмыш кешті Мақсат Сағынышбекұлы жүргізді. "Шу қаған" театрының жігіттері Мешіт құрылысы жайында көрініс көрсету арқылы елдің көңілін баулай білді. Ауданымызға қарасты "Оспанәлі" мешітінің молдасы Оңғарбаев Бағдаулет домбыраның қоңыр үнімен, "Жігіттерге өсиет" атты термесін паш етті. Амангелі ауылдық мешітінің молдасы Абдрайымов Әбубакр келген жұртшылыққа Мәуліт шәріп оқыды.

Шара соңында Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, арнайы келген қонақтарымызға және жиылған жамағатқа өз алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, жиылған жұртшылық аудандық "Төле би" мешітіне келіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты. Ас соңында Ғазиз ұстаз Құран оқып, батасын берді.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: