Жуалы ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтті

Жуалы ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жуалы ауданының орталық мешітінің имамы Нұрлан Жұмакерімұлының ұймдастырумен қаракөз мейрамханасында мәуліт мерекесі аталып өтті. Аталмыш іс-шараға Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Һибатулла Тарази мешітінің ұстазы Бақытұлы Нұралы қатысып,пайғамбарымыздың өмірі туралы ғибратты насихат айтты. Ауыл имамдары мен ақсақалдар қатысқан жиында Мәлік Мықтыбеков терме айтса, Жуалы мешітінің имамы Сейтқазы қажы Метебекұлы мәуліт жырынан үзінділер оқыды. Және бірқатар ақсақалдар алқасы жақсы тілектерін айтып,көпшілікке батасын берді. Ғимаратпен қаматасыз етіп,дастархан жазып демеушілік білдірген Қарлығаш Байдатханқызы болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: