Облыстық мешітте Мәуліт оқылды

Облыстық мешітте Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, ақырғы Елшісі әрі Пайғамбары болған Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) арнап арнайы  Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр.

Қасиетті  жұма күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен жұмалық жиында адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (с.ғ.с.)  пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері, оның мүбәрак өмірі жайлы тілге тиек етті.

Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын бүгін Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.

Қанат Әділханұлы, орталық мешіттің наиб имамдары Әбжаппар Әмір мен Қасымжан Бекжігітұлы, "Әулие ата" мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов мәуліт жырын оқып, әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жұма намазына жиналған мешіт жамағаты бірігіп салауаттар айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, Мұхаммед пайғамбарымызды шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін де көркем түрде жеткізіліп, жиналған көпшілікке құрма таратылды.

Қасиетті жұма күніне орайластырылған Мәуліт мерекесі осылайша жүректерге иман нұрын толтырып, Сүйікті Пайғамбарымызға деген сағыныш сезімін еселеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: