Жамбыл облысында "кітап оқу күні" өтті (ФОТО)

Жамбыл облысында "кітап оқу күні" өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады, адамның кемелденуі үшін тәрбие мен білім берер үлкен мектеп. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. 

Тіпті жер бетіне түскен қасиетті Құранның алғашқы аяты да "Оқы!" деп басталады. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі облыс бойынша кітап оқу күнін жариялады. Жасыл Жамбыл өңірінде орналасқан қала, аудан, ауыл мешіттерінің барлығында бір уақытта "кітап оқу сағаты" іс-шарасы өтті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл білімнің артықшылығы жайында уағыз жүргізумен басталған көлемді шарада ҚМДБ қолдауымен басылып жатқан кітаптар, журнал-газеттер оқылды. Ақшам намазында басталған кітап оқу эстафетасында өз жұмысын жаңадан бастап, алғашқы даналары таратылған "Мұнара" газеті таныстырылып, жамағатқа оқуға берілді.  

ҚМДБ тарапынан көптеген басылымдар жарық көруде, қаншама кітаптар сараптамадан өтіп, оң баға берілуде. Алайда сол ислам ғылымы жайлы жасалған қарымды еңбектер қаншалықты оқылып жатыр? Жамағат ол туындылармен қаншалықты таныс? Сол кітаптарды көпшілікке таныстырып, әрі басқа да әдеби көркемдік мәні терең кітаптарға, жалпы оқуға, білім алуға деген жамағаттың ықыласын арттырып, серпін беру мақсатында ұйымдастырылған шара оқырманның жүрегінен жол тапты. Қатырма қағаз бен қалың мұқабаны құшақтап, беріле оқуға кіріскен көпшіліктің бейнесі сүйсіндірмей қоймады. Бұл бастама осымен тежеп қалмай әлі де өз жалғасын тауып, жиі ұйымдастырылмақ. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

"Һибатулла Тарази" мешіті

Тараз қаласы

Талас ауданы

Жамбыл ауданы

Шу қаласы

Қордай ауданы

Отар қалашығы

Т.Рысқұлов ауданы

Сарысу ауданы

Шу ауданы

 Жуалы ауданы

Байзақ ауданы

Меркі ауданы

Мойынқұм ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: