Намаздың сиқыры

Намаздың сиқыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Ей, Алланың Елшісі, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – деді. Алла Елшісі (ﷺ) үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (ﷺ) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады.     

–  Иә, жақсылап дәрет алғанмын.  –  Жаңа бізбен бірге намаз оқыдың ғой? –  Иә, оқыдым. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: –  Онда Алла сенің күнәңді кешті, – деген екен.

...Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман (р.а.) әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға (р.а.) қарап: «Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді. Ол: «Иә, неге бұлай жасадың?» – деп сұрады. Салман: «Бір күні Алла Елшісімен (ﷺ) бірге осылай бір ағаштың астында саялап тұрдық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – дегенде, мен де «Айтыңыз, уа, расулалла?» – дедім. «Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», – деді де, артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан) намазын толық орында. Анығында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат» – деген аятты оқыды деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: