АТТ мүшесі Шу ауданында болып қайтты

АТТ мүшесі Шу ауданында болып қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Тараз қаласы "Тектұрмас" мешітінің имамы, АТТ мүшесі Алмас Кенжемолдаев Шу ауданына іс-сапармен келіп қайтты.

Қазіргі таңда елімізде діни ахуал тұрақты десек те болады. Өйткені білімді, білікті мамандар кірісе жұмыс жүргізуде. Осы бағытта жұмыс атқарып жүрген АТТ мүшесі А.Кенжемолдаев  арнайы  Шу аудандық "Төле би" мешітіне келіп, бесін намазына жиылған жамағатқа «Муташабиһ аяттар» жайында уағыз айтты.

Сонымен қатар, аср намазында ауданға қарасты "Бірлік" мешітінде «Уахабизмнің зардаптары» жайында, сондай-ақ, Хати Сауранбай мешітінде «Талас-тартыстың иманға әсері» турасында кеңінен уағыз-насихат айтты. Мешітке келген жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиімді жауаптарын алды.

                                                                      Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: