Жан тыныштығына кенелудің 4 амалы (жалғасы бар)

Жан тыныштығына кенелудің 4 амалы (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұлыңғыр келешек адам бойында алаңдаушылық пен үрей тудырады. Көбіне біз болар жайттардан немесе сол жайттардың салдарынан қорқамыз. Үрей басты айналдырып, денені дірілдетіп, жүректі жиілетіп соқтырады. Алайда бұл жағдайдың шынайы себебі біздің санамызда жатыр.

Қазіргі таңда ертеңгі күнге деген үрей мен қорқыныш әдеттегі нәрсеге айналған. Күнделікті өмірде әркім осы мәселемен жүздеседі немесе кезінде жүздескен. Көбінесе адам баласы өз көңіл-күйін дұрыс игере алмағандықтан әлдебір психологиялық ауруларға ұшырап жатады. Үнемі үрейде болу адамның денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, оның рухани жасаушыларына да кері әсерін тигізеді.

Сөзсіз, бұл біздің осы дүние тірлігіміз бен материалдық игіліктерімізге қатысты қорқынышымыз, алайда мұның Исламда маңызы бар қорқыныштан айтарлықтай айырмашылығы бар. Мүмін үнемі өз келешегі туралы ойланып, өз әрекеттері мен қылықтарына талдау жасап отырады. Алайда дұрыс қорқынышта болу адамдарды торығу мен енжарлыққа итермелемейді, керісінше, кемелдікке, рухани дамуға жетелейді әрі иманның нығаюына септігін тигізеді.

Біз Жұмаққа кіруге үміттеніп, бізді Тозаққа жетелейтін амалдардан бойымызды аулақ салуға тырысамыз. Бұл ұмтылыс мұсылман сипатынан, бірақ мұның бізді күнделікті мазалайтын үрей мен алаңдаушылыққа еш қатысы жоқ.

Біз көп нәрседен қорқамыз. Жақсы жалақы төлейтін жұмыс табу, көп табыс табу, емтихандарымызды тапсыра аламыз ба, мына көйлекті кисем күлкіге қалмаймын ба деген сияқты сұрақтарға берілеміз. Өз пікірімізді, ойымызды білдіруден қорқамыз, бұл біздің ішкі алаңдаушылығымызды одан ары арттырып қояды.

Осының бәрі бізді тыныштығымыздан, жан жарасымынан айырады. Ал бұл өз кезегінде, дінімізді, өзіміздің Жаратушымызды дұрыс түсінуден алыстатады. Ендеше, болып жатқан жайттардан, біздің айналамыздағы адамдардан, олардың пікірлерінен қорықпай, қоршаған ортамен және жан жарасымын тауып қалай тыныш өмір сүруге болады?

Осы мақаламызда біз сіздердің назарларыңызға жан тыныштығына кенелудің 4 негізгі кеңесін ұсынамыз.

1. Алланың қорқудың қажеті жоқ деп айтқанын біліңіздер.

Бұл жөнінде Құранда мынадай аят келтірілген: «…кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік» (2:38).

Алла ешқашан қорықпайтын бір топ адамдар туралы айтқан. Бұл адамдар кімдер екен?

Алла Тағала Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анаға Жұмақтан түсіп, Жер бетіне барыңдар деп бұйырғанда, былай делінген болатын: «Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік» (2:38).

Басқа аятта Алла Тағала «Менен сендерге бір туралық келсе» дегенді былай түсіндіреді: «Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды» (2:277)

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: