Алланың бар болуы

Алланың бар болуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламды қабылдағанға дейін бір адам толықтай атеист болған екен. Исламды қабылдаған соң да оны Алла Тағаланың бар болуы жөнінде күмәнді ойлар қайтадан мазалай бастайды. Мұндай ойлар шайтаннан. Аталмыш ойларға деген оның наразылығы мен жаман қарасының өзі-ақ оның жүрегіндегі иманның айқын белгілері еді. Өйткені, егер ол атеист болса, осы сияқты ойлардың пайда болғанына мүлде алаң болмас еді: атеистер, керісінше, осы ойлар мен нанымдарды насихаттайды. Негізі, шайттаннан болар күмәнді ойлар пайда бола қалған кезде келесі дұғаларды айту керек: «А́манту билля́хи уа русулихь».

Сондай-ақ, былай да айту қажет: «А́манту билля́хи кяма́ хууа би-асма́ихи́ уа сыфа́тихи́ уа кобильту джами́’а ахкя́михь…», «А́манту билля́хи уа маля́икятихи́ уа кутубихи́ уа русулихи́ уәл-яумил-а́хыри уәл- кодри хойрихи́ уа щаррихи́ миналла́хи та’а́ля́ уальба’си ба’даль-маут», – бұл сөздердің мағынасын түсініп айту. Ал тағы да: «Ляә хәулә уә ляә кууәта илляә билляәһ». Содан кейін шайтанға, тіпті оны көрмесе де былай айту: «Алла Тағаланың бар болуының дәлелі — менің өзімде. Егер Алла Тағала болмаса, онда мен жаратылмас едім. Менің көздерім мен құлақтарым және т.б. дене мүшелерім болмас еді».

Мұның бәрі қараңғы анамның құрсағында жаралған. Немесе оған былай айту: «Мен өзімнің ақылымды да көрмеймін, алайда оған ие екеніме сенемін». Әрбір адамның саусақ таңбаларының бірегейлік фактісінің өзі Раббының, Жаратушының бар екендігін анық көрсетеді. Айналадағының бәрі біздің Жаратушымыз - Алла Тағаланың бар екенін көрсетеді. Алланың бар болуының дәлелдерінде кемшіліктер жоқ.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: