Малайлықтар латынды араб қарпіне алмастыруы мүмкін (видео)

Малайлықтар латынды араб қарпіне алмастыруы мүмкін (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзиялық министр Мұжаһид Жүсіп жұма күнін «Джауи. (Джауи – малай халқы ғасырлар бойы пайдаланған, жаңа әріптермен толықтырылған араб әліпбиі) жазуын пайдалану күні» ретінде жариялады.

Бұл жайында islamosfera.ru ақпарат көзі хабар таратты. Министрдің айтуынша, джауи жазуы ұлттық мұраны жаңғырту платформасы, өйткені, Малайзия мен Бахас Мела (малай тілі) аталмыш әліпбиді елдермен немесе адамдармен ресми байланыс құралы ретінде пайдаланады. Сөз орайы келгенде оқырманға түсінікті болуы үшін нақтырақ әрі тарқатып айта кетейік, джауи – малай тілінің жазуында пайдаланылатын араб әліпбиінің бір түрі. Джауи Брунейдегі ресми екі жазуының бірінен болады.

Сондай-ақ,Индонезияда, Сингапурде және Филиппинде ішінара қолданылады. Аталған елдерде джауи негізінен діни салада пайдаланылады. Джауи араб әліпбиінің 29 қарпінен бөлек тағы алты қаріпті қамтиды. Бұрын Малайзияда джауи жазуын насихаттау мақсатында арнайы бағдарлама қабылданған болатын.

Тағы бір айта кететіні, джауи жазуы Нусантарда (малай әлемінде) ислам дендеп енгеннен кезден бар. Джауи ұзақ уақыт бойы малай тілінің стандартты жазуы ретінде пайдалыналған еді. Уақыт өте келе, дәлірегі, 19-шы ғасырдан бастап, оның орнын «руми» деп аталатын латын әліпбиі алмастырған болатын.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ jawi alphabet

Джауи әліпбиі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: