Шәкірттер "Хасеки" академиясына оқуға аттанды

Шәкірттер "Хасеки" академиясына оқуға аттанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2019-2020 оқу жылына «Хасеки» академиясына қабылданған 18 шәкіртпен кездесіп, білім сапарына аттанған шәкірттерге батасын беріп, дұға жасап сәттілік тіледі. Кездесуге, Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип АКЫН, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Айта кетейік, Түркия Республикасы Дін істер басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 29 қазандағы келісм негізінде Хасеки акдемиясына бірнеше маманымыз діни білімдерін жоғарлатып қайтты. Биылғы 2019-2020 оқу жылына аталған академияға 18 шәкіртіміз қабылданды. Қазіргі таңда 43 шәкірт білім алуда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: