Обырды оразамен жеңуге болады

Обырды оразамен жеңуге болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы жылдары ғалымдар бұрыннан былайғы өмірде бұрыннан белгілі болса да ағзаның қатерлі ісікпен күресінде тағамды шектеудің немесе сүннетке сай тамақтанудың маңыздылығына көз жеткізді. Дәлірегі, азға қанағат етіп, тамақтану жиілігін азайтса, қатерлі ісік дертіне шалдықпайды (алдын алады) немесе қатерлі ісік пайда болса, оның бетін қайтарады.

Осыған байланысты ғалымдар жиі ашығудың пайдасын насихаттайды. Әдетте ашығуды көбіне арықтау, артық салмақтан құтылу үшін қолданып жатады. Ашығуды аурудың алдын алу, кәрілікті баяулату үшін қолданатындар қарасы аз. Ғалымдар зертханада ашықтырып ұстаған жануарлардың өмір сүру жасының ұзарғанына көз жеткізіп отыр. Ашығу өз кезегінде зақымдалған жасушалардың қалпына келуін тездетіп, картаю процесін бәсеңдетеді. Бұл бағытта ең алғаш рет 1945 жылы ауқымды зерттеу үргізілгенін айта кету керек.

2018 жылы Оңтүстік Калифорния университетінің биологы Вальтер Д. Лонго бастаған ғалымдардың айтуынша, қоректік заттар жетіспеген жағдайда сау жасушалар көбеюді қойып, ең алдымен өз-өзін сақтау режиміне көшеді. Көбею қатерлі ісіктің жайылуына алып келеді. Яғни, осылайша қатерлі ісіктің одан ары жайылуына тосқауыл қойылады. Бұдан бөлек, ашығу ұзаққа созылса, ағзаны глюкоза, май, кетонның қорын пайдаланады, алайда, сонымен қатар, лейкоциттің едәуір бөлігін жояды.

Ашығудың әр кезеңінде зақымдалған лейкоциттер саны азайып, иммундық жүйенің жаңа діңгекті жасушаларының регенерациясын ынталандырады. Сондай-ақ, ашығу үшін шығын шығарып қоймайсыз, азық-түлікке кететін қаражатыңызды үнемдейсіз, арзан әрі тиімді, ең бастысы, қауіпсіз жолы осы.

(ықшамдалып алынды)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: