Бас мүфти "Һибатулла Тарази" мешітінің студенттерімен кездесті

Бас мүфти "Һибатулла Тарази" мешітінің студенттерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттерімен жүздесті. 

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы, медресе директоры Қанат Жұмағұл, ұстаздар мен барлық 1,2,3 курстың шәкірттері қатысты.

Хазірет студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, діни білім алу жолында үлкен сәттілік пен мол ықыласты болуларын тіледі.

"Білімді шыңдау керек. Өйткені, қазіргі уақыт білімдінің заманы. Бұрынғы кездердегідей кадр тапшылығы жоқ, орны толып келе жатыр. Сондықтан бізге сапалы, білікті мамандар қажет", - деп атап өтті Бас мүфти.

Аталған оқу орнын бітірген соң ЖОО-на түсіп, оны дамыта түсу керектігін сөз қылып, Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында имамдардың білімдерін тереңдетуге арналған оқу орнының ашылатынын айтып сүйіншіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: