Бас Мүфти Әулиата жерінде мешіт құрылысымен танысты

Бас Мүфти Әулиата жерінде мешіт құрылысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көненің көзі болған, тарихы 2000 жылдан астам Тараз шаһарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз іс-сапармен келді. 

Елордадан ат артып келген Хазірет мүфти қалада салынып жатқан жаңа құлшылық үйінің құрылысымен танысты. Мүфтиге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, облыстың мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Халид Қожахметов "Арай" ықшам ауданында бой көтеріп жатқан мешіт жайлы мағұлмат берді. 

Айта кету керек, "Арай" алқабы бернеше жылдар бойы соғылып келе жатқан қаланың жаңа бөлігі. Қазіргі таңда тұрғындары көбейіп, үлкен аймаққа айналған жерде мешіт өте керек-ті. 

Серікбай қажы Ораз Алла үйінің құрылыс жоспарын қарап, мешітті соғып жатқан демеуші Жамбыл облыстық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Тілеуов Оразалы Тілеуұлына алғыс білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: