Қаракемер жамағаты уағыз тыңдап, дастархандас болды

Қаракемер жамағаты уағыз тыңдап, дастархандас болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаракемер мешітінде кезекті уағыз дастарханы жайылды. Аталған дәстүрлі жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысты. 

Айтулы шара Аудан имамы Ғарифолла Әмірбековтың ұйытқы болуымен және Қаракемер мешітінің имамы Әлдібай Шалқаров пен жамағаттың ұйымдастыруымен орын алды. 

Өкіл имам "Ата-ананы құрметтеу", "Кішіге ізет, үлкенге құрмет", "Мешіт әдептері" турасында келісті де, әсерлі уағыз-насихат жүргізіп, жамағаттың сұрағына жауап берді. 

Айта кетейік, көпшілікті ұйытып уағыз тыңдатар, әрі ас үсті жақын араласуға жеткізетін игі шара облыста тұрақты түрде өтіп отырады. Бұл жолғы тізгін Қаракемерліктерге бұйырса, келесі кезекті тағы бір ауыл, я аудан қолға алмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: