"Салы молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды

"Салы молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қаласындағы "Салы молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Ресми іс-шараға Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов арнайы қатысып, қасиетті жұма күні уағыз жүргізіп, намазға жиналған жамағат алдында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, көпшілікке жаңа имамды таныстырды. 

Бұл жауапты қызметке "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Асхат Акмамбетов сайланды. 

Асхат Акмамбетов - тәжірибесі мол, білікті маман. Аталған мешітке шақыртумен келіп, насихат жүргізіп жүрген имам осы құлшылық үйінің тұрақты жамағаты болған ақсақалдардан бата алды. Жұртшылық жылы лебіздірін, игі тілектерін жеткізіп, жұмыста жеміс тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: