Шу қаласы дүбірлетіп құрбан айт мерекесін тойлады

Шу қаласы дүбірлетіп құрбан айт мерекесін тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт күні Шу қаласы "Айтқұл баба " мешітінде айт намазы оқылып, құрбан шалынып, ұлыстың ұлы күніне арналған мерекенің мәртебесі асқақтай түсті. Айтулы мерекеге айрықша дайындалып келген көпшілікке "Айттық" дастархан жайылды.

Асыл дініміздің көркеюіне қызмет етіп, қашанда мешітіміздің жанашыр, қолдаушысы болған Әбдірасыл имам, Тілеулес ата, Тамаша ата, Ерхадыр ағайымызға ерекше сый құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттап, соңы түрлі мәдени-спорттық ойындарға жалғасты.

Қызықты әрі тартысты өткен жарыста жамағат түрлі ойын түрлерінен бақ сынады. 

Қол күрестен: 1-ші орын Алдаберген Еламан, гір тасын көтеруден: Көкрекбаев Сәбит, арқан тартыстан: жастар командасы иеленді. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына құрылған төрешілер арнайы медальдармен, 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің тағы бір ерекшелігі - қайырымдылық.

Өз отбасымыздан бастап, көрші қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызды шашып, қайырымдылығымызды көрсету - мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз. Осы орайда "Айтқұл баба" мешіті биылғы қасиетті құрбан айт мерекесінің құрметіне әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы ата-аналарға  құрбанға сойылған мал еттерін таратты. 

Сонымен қатар қасиетті Құрбан айт күні Шу-Бұрылбайтал бағытындағы жол қиыншылығын көріп келе жатқан жолаушыларға мешіт қызметкерлері құрбан айт мерекесімен құттықтап,  ыстық нандар мен самса таратып, қарапайым жолаушылардың ықыласына бөленді.

Мешітіміздің жомарт жүректі, өрісі биік, иманды жастары көп болғай! 

"Айтқұл баба" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: