Айт мерекесі айлық дастарханмен ұласты

Айт мерекесі айлық дастарханмен ұласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы «Аймантөбе» мешітінде   айлық дастархан өтті. Арнайы жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмағұлов Қанат Әділханұлы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз Асимұлы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек Амангелдіұлы және ауданға қарасты ауыл имам молдалары қатысты.

Жұмағұлов Қанат Әділханұлы жиналған көпшілікке «Дінге қызмет етудің пайдасы, ауылға еңбек сіңудің, тер төгудің пайдалары» туралы насихат айтты.

Жиналған көпшілік дастархан басына жайғасып, қария ақсақалдарымыз ақ батасын берді. Шара соңында Қанат Әділханұлы мешіттің тыныс тіршілігімен танысып істеліп жатқан қызметке он бағасын берді.

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: