Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айт қазақы дәстүрге сіңген мұсылмандық мейрам. Жұртшылық бірін-бірінің үйіне айттап, көрісіп, татуласып, құрбандық шалу сынды игіліктерді бірлесіп атқарып жатыр. Міне, осындай тату жамағат үшін "Һибатулла Тарази" мешіті ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырды. 

Білекті мыңды жығар күштілер жиналған дүбірлі дода облыс көлемінде атқарылды. Іс-шара үшін орталық мешітке қала, аудан мешіттерінің жамағаты жиналды. 

Көпшілік арқан тарту, гір тасын көтеру және кіші футболдан сынға түсті. Тартысты өткен жарыста гір тасын көтеру бойынша 101 көрсеткіш көрсеткен Олжас 1 орынды иеленсе, 100 рет гір көтерген Жанболат 2 орынға шықты, 3 орынды 85 көрсеткішімен Кенжетай қанағат тұтты.

Ал арқан тартыс бойынша "Акрам Төре" мешітінің құрамасы 1 орын, Имамдар тобы 2 орын, Жамбыл ауданының құрамасы 3 орынан көрінді.

Кіші футбол сайысы бойынша 1 орынды "Акрам Төре" мешітінің құрамасы алса, 2 орынды Байзақ ауданының құрамасы қанжығасына байлады, ал 3 орынды "Достық" тобы иеленді. 

Барлық өнер көрсеткен спорт сүйер жеңімпаз топтарға қаржылай сыйлықтар табысталды. 

Жеңімпаздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет марапаттады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: