Әйел-қыздар секторы аналарға ет таратты

Әйел-қыздар секторы аналарға ет таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт келіп, Алла разылығы үшін құрбан малдары шалынып, мұқтаж отбасыларды қайырымдылық іс-шараларымен бір қуантып тастады. 

Осындай бір игі науқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орын алды.

Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен аналарға ет таратылды.

10 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасында сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева жәрдем алуға келген отбасыларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, көмекті табыстады. 

Аналар шын алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: