Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдердің Раббысы ұлық етіп бізге нәсіп еткен Құрбан айтта елімізіге жетті. Әлемдегі барша мұсылман осы мереке тағатсыздана, үміт пен үрейдің ортасында, жақсы ниеттермен, қуана күтіп жатты. Бұл мұсылмандардың, Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) үмбетіне берілген ұлық күн.

Таң мен таласа аудандық «Қордай» мешітіне жамағат ағыла бастады, мешіт лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай мешіттің сырты және бастырмағадейін тола болды. Мінбарға ауданның найб имамы Асқар Зәкіржанұлы шығып, құрбандық, құрбан айт жайлы әсерлі де әсем уағыз айтты.

Айша анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Бұл күнгі ең үлкен құлшылық - ол құрбан шалу» - деген хадисіне сай намаз аяқталаса сала жиналған мұсылман жұрты арнайы дайындалған құрбан шалу орындарына шоғырланып өз құлшылықтарын жасап, құрбандарын шалып, Жаратушыдан дұға тілеп жатты.

Атап кетелік жайт аудандық «Қордай» мешіті аудан әкімшілігімен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, аудандық мүгедектер қоғамымен және ардагерлер кеңесімен бірігіп мұқтаж жандарға құрбандық малдарының еттерін таратуға әзірлік жасап, игі істі іске асырып мұқтаждарға қол ұшын созуда.

Құрбан шалумен қатар, жиналған қауым спорттық ойындарды тамашалады. Жамағат арасында, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру  сайыстары өтті. Сайыстар қызықты өтіп, дәстүрмен сабақтаса түсіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

 Асқар Зәкіржанұлы              

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: