Мешіттерге жаңа имамдар тағайындалды

Мешіттерге жаңа имамдар тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әзрет Әли» мен «Бегалы ата» мешіттерінің бас имамдары орындарымен ауысты. Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы көпшілік алдында  Тараз қалалық «Әзрет Әли» мешітінің бас имамы Бекболат Викторұлына дініміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін және жамағат арасында бірлікті нығайтқаны үшін алғыс айтып, шапан жапты.

Ал, «Әзрет Әли» мешітінің бас имам қызметіне «Бегалы ата» мешітінің имамы Ембергенов Амангелдіні тағайындады. Бекболат Викторұлы аталған мешітте 6 жыл бас имам қызметін атқарып, Зекет қорында қайырымдылық шараларына атсалысып келеді.

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаевтың таныстыруымен «Бегалы ата» мешітінің бас имам қызметіне Бекболат Мыңбаев тағайындалды. Амангелді Ембергеновке алғыс білдіріп, шапан жабылды.

Қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Сыбанбайұлы Расылхан  көне «Әулие ата» мешітінің наиб имам қызметіне Қанат Ниязбековты тағайындады. Қанат Алтынбекұлы «Әзрет Әли» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген болатын.

Мешіт ақсақалдары имамдарға жаңа қызметтерінің берекелі болуына дұға жасап, бата берді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: