ҚАРАТАУ: ҚАСИЕТІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

ҚАРАТАУ: ҚАСИЕТІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт - мұсылманның ұлық мерекесі. Қасиетті Құранда: «Әрі баршы адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып саған түйемен келсін. Келгесін олар мұның өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етін өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер»,-дейді. (Хаж сүресі, 27-28 аят).

Я, шалынған құрбан Алладан берілген несібе.  Сауапқа толы, ізгі амалдарды тоғыстырған қайырымдылық мейрамын асыға күткен жамағат таңның атысымен аудандық «Қаратау» орталық мешітіне жиылды. Алладан рахым тілеп, Айт намазына тұрды.  Ізгі пейілмен мешітке келген  көпшілік бір-бірімен қол алысып, ақ тілектерін білдірді.

Биылғы Құрбан айт мерекесіне «Асыл-Бастау» қорының ұйымдастыруымен 30 қой жеткізілсе, аудан әкімдігі мен жерлігікті кәсіпкерлер атынан 4 ірі қара малы құрбандыққа шалынды.

Қайырымдылыққа негізделген Құрбан айт жұртшылықты жыл сайын мол сауапқа кенелтіп, жаңа ризық-несібесімен жарылқайды. Мүмкіндігі бар адамдарға құрбан шалу уәжіп. Айт мерекесіне арналып сойылған малдар 200-ден астам әлемуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлестіріліп берілді.

Сондай-ақ, мерекеге орай мешіт ауласында білекті жігіттер арасында гір тасын көтеру, арқан тарту және қол күресінен жарыс өтті. Тілек білдіріп, тартысқа түскендер өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге күш салды. Бәсеке нәтижесінде арқан тартудан бақ сынаған жасөсіпірімдерден құралған «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанса, 2-орынға «Тұлпар» құрамасы тұрақтады. Ал, гір тасын көтеруден жыл сайын өткізілетін жарыстың тұрақты қатысушылары Нұрасыл Оңғаров 1-орынды иеленсе, Дәукен Болысбаев 2-орыннан көрінді. Ал, үздік үштікті Серік Оңғаров түйіндеді. Қол күресі бойынша да аталған спортшылар өз мықтылықтарын дәлелдеді. 1-орын Ырысгелді Қансейітовке бұйырса, Нұрасыл Оңғаров пен Дәукен Болысбаев жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Тұғыр биігінен көрінген спортшыларға «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» және мешіт қызметкерлері тарапынан дайындалған диплом, медаль, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

АУДАНДЫҚ "ТАЛАС ТЫНЫСЫ" ГАЗЕТІ

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: