Жақсы амалдары үшін мұсылман он еселенген сауапты қалай алады?

Жақсы амалдары үшін мұсылман он еселенген сауапты қалай алады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» (6:160)

Құдси-хадистердің бірінде Алла Тағаланың періштелерге былай бұйырғаны келтірілген:

«Егер Менің құлым бір жамандық жасауға ниеттенсе, жасамайынша, жазбаңдар. Егер ол жамандық жасаса, қалай болғанын жазыңдар, ал егер ол Мен үшін жамандықтан бас тартса, онда оған бір жақсы амал жасағандай жазыңдар. Егер ол бір жақсы амал жасауға бел буса, бірақ оны жасамаса, оған бір жақсы амал жасағандай жазыңдар, ал егер жақсы амал жасаса, онда оған оннан бастап жеті жүз және одан да көп сауап жазыңдар» (Бұхари, «Бірқұдайлық кітабы», 35; Мүслим, «иман кітабы», 203, 205).

Келесі аятта біздің Жаратушымыз әрбір жақсы амал үшін жеті жүз еселенген мөлшерде сауап берілетіндігін айтқан:

«Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші» (2:261).

Келтірілген Құран аяттары мен хадис-шәріптер Алла Тағаланың Өз пенделеріне деген мейірімі мен қайырымдылығының кеңінен таралғанын анық көрсетеді. Егер біз адал ниетімізбен Алла Тағалаға қызмет етер болсақ, сонда Жаратушы да бізге Өз әділдігімен қарамай, Өз қайырымдылығы мен кешірімділігімен қарайтын болады. Әрбір жаман амалға бір күнәдан жазылса, ал бір жақсы амалға оннан бастап жеті жүз және одан да көп сауап жазылар болса, сөзсіз, бұл әділеттік емес, бұл Жаратушының қайырымдылығы.

Егер Алла Тағала біздің жақсы амалдарымызды бағалауда тек Өз әділеттілігімен әрекет етер болса, біз сауаптан құр алақан қалар едік, өйткені біздің жасап жүрген жақсы амалдарымыз Алланың бізге берген нығметтеріне тең келмейді.

Біздің ұлы Жаратушымыз бізге өмір сыйлады, денсаулық, материалды мүмкіндіктер мен басқа да көптеген нығметтерді берді әрі біз олардың бәрін де қолданамыз. Ауа, су, азық-түлік және өмірде пайдаланатын нәрселердің бәрі Аллаға тиесілі. Біздің құзырымызға берілген осы нығметтер үшін Алла Тағалаға разылығымыз бен шүкіршілігімізді игі амалдар мен құлшылық жасау арқылы білдіруіміз қажет. Біздің жасап жүрген жақсы амалдарымыз, бізге берілген мейіріммен салыстыруға да келмейтінін естен шығармайық. 

Ендеше, біздің орындап жүрген құлшылықтарымыз бен игі амалдарымыз – бізге нәсіп етілген нығметтерге деген кіші-гірім разылығымызды ғана білдіреді. Құлшылығымыз да, жақсы амалдарымыз да ақиретте көргіміз келетін келешек нығметтеріміздің салымы бола алмайды. Алла Тағала Өзінің шексіз жомарттығымен, қайырымдылығымен біздің жасаған жақсы амалдарымызға сауап тағайындап, ал біздің жасаған құлшылығымызға – Жұмақты уәде етті. Ендеше, келешекте бізге уәде етілген нығметтердің бәрі тек Алла Тағаланың мейірімі мен жомарттығы екенін жете түсінуіміз қажет.

«Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды» (4:48). Біздің жасаған жақсы амалдарымыз бен құлшылықтарымыз Алла алдында бағалануын қалайтын болсақ, онда игі амалдарымыз бен құлшылықтарымызды біреулерге көрсету үшін емес, бар жан-тәнімізбен Алла разылығы үшін жасауға тиіспіз.

  asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: