ЕЛДІҢ БІРЛІГІН ЖАРАСТЫРҒАН МЕЙРАМ

ЕЛДІҢ БІРЛІГІН ЖАРАСТЫРҒАН МЕЙРАМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде бүкіл мұсылман жұртшылығы асыға күткен құрбан айт намазы оқылды. Айт намазда Байзақ ауданының бас имамы Азизов Рамиз қажы «Құрбан айтта құрбандық шалудың абзалдығы» туралы уағыз-насихат айтып, адамзат баласы бір біріне кешірімді болып, мұсылман жұртшылығы қуанатын уақыт екенің жеткізді.

Байзақ ауданының найб имамы Каримбаев Айбек құрбан айтта шалынатын малдың түрлерін, құрбан малы қалай шалынады және де уақытын айтып түсіндірді. Әрбір жағдайы жеткен адамға құрбандық шалудың уәжіптілігін баяндай келе «Айт намазын оқудың сауабы» жайында сөз қозғады. Осы аралықта Байзақ ауданының әкімі Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы мешітке келіп, көпшілікпен бірге айт намазын оқыды.

Айт намазынан соң «Байзақ баба» мешітінде 2 ірі қара, 8 ұсақ мал сойылып, 80 жағдайы төмен отбасыларға үйлестірілді.

«Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы салт-дәстүрді насихаттау мақсатында арнайы спорттық іс-шараларды ұйымдастырды. Атап айтар болсақ, қол күрес, қазақша күрес, арқан тарту сайысы, кір тасын көтеру, асық ату ойындары ойнатылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар және медалдар берілді.

Мешітке келген ақсақалдар мен сыйлы қонақтарға қазақи дәстүр бойынша дастархан жайылып, риза болған қауым елдің бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: