Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) қатысты негізгі 9 қателесу

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) қатысты негізгі 9 қателесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) адамзат тарихындағы ең жарқын тұлға әрі оған қатысты, әсіресе, мұсылман еместердің қателесулері аз емес. Ислам дінін насихаттап, таратқан Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұрмаланған кейпі жүз жылдар бойы батыс әлемінде жасалып келіп, қазіргі таңда тамырын кеңінен жайған. Батыс және еуропалық әдебиеттер Алла Елшісінің (ﷺ) сөздерін, әрекеттерін, мінезі мен адамзат баласына жасаған ықпалын бұрмалап, басқаша көрсетуге тырысқан. Оған қосымша, Пайғамбарымыздың (ﷺ) адамзат баласына деген шынайы үндеуі мен оның (ﷺ) өркениетке қосқан үлесі де бұрмаланған.

Төменде адамзаттың Мұхаммед Пайғамбарға (ﷺ) қатысты негізгі қателесулерін келтіреміз.

Егер оларға ақиқат ашылғанда, олар күллі адамзат баласына мейірім болып жіберілген Пайғамбарды (ﷺ) жақсы көріп кетер еді. Алла Тағаланың сәлемі мен салауаты екі дүниеге мейірім ретінде жіберген Өзінің соңғы Пайғамбарына (ﷺ) болсын. Әмин. 

1. Пайғамбар (ﷺ) ақылынан адасқан болған.

Алла Тағала ақиқатты білдіру үшін Өзіне ақылынан адасқанды таңдар ма еді? Ал ақылынан адасқан жан Алланың сөздерін Құран ретінде жасап шығарар ма еді? 1400 жылда мұқият зерттелген бұл мәтінде ешбір қарама-қайшылық, не бір грамматикалық қателік не болмаса оның шамалас аналогі де табылмаған. «Ақылынан адасқан» адам мүлтіксіз түрде осындай дүниені ойлап, жасап шығарар ма еді?

2. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) уахиді Шайтаннан алып отырған.

Құран Бір Аллаға иман келтіруге, Оған сиынып, тек Оған ғана үміт артуға шақырады, ал шайтан өзі қарсы тұрған дұшпанының дініне әрі игі амалдар жасауға шақырар ма еді? Ал шайтан өзінен қашып мүміндердің Алладан пана іздеуіне үндеу тастамас болар?

3. Мұхаммед  Пайғамбар (ﷺ) бір нәсілді бір нәсілден артық деп санаған.

Эфиопиялық қара нәсілді құл Біләл – Пайғамбарымыздың (ﷺ) азаншысы болып, мұсылмандарды намазға шақырып отырған. Біләлді Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабалары оның жоғары мәртебесіне қарап «білгір» деп атаған. «Тіпті басы қара мейіздей болған эфиопиялық құлды сендердің үстілеріңнен  қарайтын етсе де сендер оны тыңдап, бойұсыныңдар» (Бұхари).

4. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) сиқыршы болған.

Жалпы алғанда, сиқыр Пайғамбарымыздың (ﷺ) басты жолдауына қайшы келеді әрі күнә ретінде сипатталады. Мұхаммедтің (ﷺ) мұғжизасы - Алла Тағаладан оған уазхилердің келуі әрі қара түнектегі халықты ақиқаттың жарығына шығарушы етіп таңдалуында. Бұл жол жеңіл болмады әрі неше түрлі көптеген кедергілерге толы болуы Пайғамбарымыздың (ﷺ) шамадан тыс қабілеттілікке ие болмағандығының тағы бір дәлелі.

5. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) Құранды өзі жазған.

Мұхаммед (ﷺ) оқып, жаза алатындар саусақпен санарлықтай болған заманда өмір сүрген әрі ол да қара танымаған еді. Алла Тағаладан түскен бірінші уахиді алып келген Жәбірейіл оған «оқы» дегенде, Мұхаммед (ﷺ) оқи алмайтындығын айтқан болатын. Құран – ділмарлықтың ең жоғары шеті әрі әдеби стилдің көркемі, оны қара танымайтын адам жаза алмайтын еді. 

6. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) нәпсіқұмарлығынан үйленген

Егер расында осындай жағдай болғанда, жас әрі келбетті Мұхаммед (ﷺ) өзіне әйелдікке көптеген жас сұлу қыздарды алар еді, өзінен он бес жас үлкен әйелді алып, ол өлгенше 25 жыл бойы сол бір әйелмен ғана өмір сүрмес еді. 

7. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) кәмелетке толмаған қызға үйленген.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында қыздарды кішкене күндерінде-ақ күйеуге бере беретін болған. Ол Айша анамызға (р.а.) сол заманның дәстүріне сай үйленген болатын. Айша (р.а.) тұрмысқа шыққанда жеткілікті түрде ержеткен еді әрі некеде бақытты болған.

8. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) Киелі Кітапты көшірген.

Біріншіден, Мұхаммед Пайғамбардың (ﷺ) кезінде Киелі Кітаптың араб тіліндегі аудармасы болмаған, екіншіден, Мұхаммед (ﷺ) оқи алмаған.

9. Мұхаммед Пайғамбар (ﷺ) қатыгез болған.

Мұсылмандар шайқасқан ұрыстар – үмбетке шабуылдаудың жауап реакциясы болған. Мұхаммед (ﷺ) бейбіт өмірді, адамдар арасындағы мейірімділік пен сабырлықты уағыздады. Егер оның жолдауы қатыгездік пен күнәлі өмірге жетелейтін болса, өз еркімен қаншама адам ислам дінін қабылдамас еді.

Дайындық: asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: