Шыны ғимараттар тұрғызуға тиым салынбақ

Шыны ғимараттар тұрғызуға тиым салынбақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Лондонның сәулетшілері айналасы шынымен қапталған биік ғимараттар салуды тоқтатуды ұсынып отыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

Сәулетшілердің дерегіне сүйенсек, мұндай ғимараттар жылыту мен салқындату кезінде көп қаржы мен техниканы қажет ететін көрінеді. Ал ауабаптағыштарды көптеп қолдану атмосфераға көмірқышқыл газын көптеп бөледі екен.

Бұған дейін көктем кезінде Нью-Йорк қаласы ғимараттарды шыны мен болат темірден жасауға тиым салған болатын. Сонымен қатар, оған дейін тұрғызылған үй иелерін жылыту мен салқындатуда энергияны үнемдейтін заманауи жабдықтарды пайдалануға міндеттеген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: