Құрбан айттың құрметіне 700-ге тарта тұтқынға рақымшылық жасалады

Құрбан айттың құрметіне 700-ге тарта тұтқынға рақымшылық жасалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ізгілендіру шарасын діни айтулы күндермен байланыстырып, рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырған секілді.

Олай дейтініміз, биыл да түрлі қылмыс жасап, темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан 700-ге тарта, дәлірегі, 669 тұтқынға рақымшылық жасауға бел буып отыр. Аталған араб елінің президенті Халиф бен Заид әл-Нахайянның пәрменімен. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, айыпталғандардың мойнына ілінген барлық айыппұл мен қарызды кешірді.

Осыдан екі ай бұрын өткен Ораза айт кезінде Өзбекстан билігі 575 тұтқынға рақымшылық жасағаны турасында хабарлаған едік. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: