Сириядан оралған азаматтарға екпе егілді

Сириядан оралған азаматтарға екпе егілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сириядан келген азаматтарға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы иммундау ұйымдастырылды, деп жазады mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Сирия елінен жеткізілген азаматтардың қызылша инфекциясына қарсы иммунитетінің болмауына және республика аймағында, өңірімізде қызылша жұқпасының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы иммундау ұйымдастырылды.

Азаматтарды егу шарасын №2 Ақтау қалалық емханасының медициналық қызметкерлері жүргізді. Департамент мамандарының айтуынша, иммундауға барлығы 290 адам жоспарланған болатын. Алайда оның ішінде 131 адам егілді. 

Медициналық  қарсылық-121, егу жасына жетпеуіне байланысты 11, егуден бас тарту себебімен 27 адам егілмеді. Егілген адамдарға медициналық бақылау жүргізілді, егілгендер арасынан вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелмеді.

 kazislam.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: