Еліміздегі мешіт құрылыстарына БАӘ қолдау көрсетеді

Еліміздегі мешіт құрылыстарына БАӘ қолдау көрсетеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАӘ-нің Қазақстандағы делегациясын өтініштері бойынша қабылдады. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Сақр бен Мухаммад Әл Қасими атындағы гуманитарлық және қайырымдылық қорының бас директоры Ахмад Рашид Суфа Әз-Зағаби мен Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің үшінші хатшысы Аммар Омар әл-Брейкимен екіжақты рухани байланысты арттыру, қайырымдылық жұмыстарына белсене араласу жағы сөз болды.

Кездесу барысында шетелдік меймандар еліміздегі құрылысы тоқтап тұрған және алдағы уақытта салынуы жоспарланған бес мешітке қаржылай көмек беретінін жеткізді. Аталған сауапты іс БАӘ-нің қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге аспақ.

Мешіт құрылысына қолдау көрсету туралы бұған дейін Бас мүфтимен болған екіжақты келісім негізінде жасалмақ.

 kazislam.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: