Халықаралық ғарыш стансасында халал ас мәзірі пайда болады

Халықаралық ғарыш стансасында халал ас мәзірі пайда болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясында тарихта алғашқы рет Біріккен Араб Әмірлігінің тұңғыш ғарышкері үшін арнайы ас мәзірін дайындалады. Дәлірегі, ресейлік "Ғарыш тағамы зертханасы" компаниясы араб ғарышкері Хаззаа әл-Мансұр үшін шариғат талабына сай арабтардың ұлттық тағамын дайындайтын болады.

Тұңғыш араб ғарышкері қыркүйек айының 25-і күні ресейлік Олег Скрипоч және америкалық Джессика Меир әріптестерімен бірге "Союз МС-15" ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш стансасына аттанады. Ол онда сегіз күн болып, қазан айының 3-і күні ресейлік Алексей Овчинин және америкалық Ник Хейг әріптестерімен жерге оралады.

Халал ас мәзірі араб ғаршкеріне консервіленген әрі қалайы банкпен беріледі. Шариғат талабына сай халал ас мәзірі тамыз айының орта шенінде дайын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: