Халал екпе (вакцина) жасалады

Халал екпе (вакцина) жасалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзиялық Pharmaniaga фармацевтік компаниясы Малайзиядағы дәріханалар мен емханаларды Санкт-Петербордағы Вакцин ғылыми-зерттеу институты әзірлеген тұмауға қарсы екпемен жабдықтайтын болды.

Шариғат талабына сай әзірленгендіктен ресейлік екпе құрамында спирт пен өзге де харам нәрселер (мысалы, доңыз тінінің жасушасы) кездеспейді. Бұл жайында islam.ru ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары мұсылман емес елдер даму қарқыны жылдан жылға артып келе жатқан халал индустриясына мықтап ден қойып отыр.

Болашағы зор әлемдік халал нарығындағы өз үлесінен қағылмау үшін түрлі шариғат талаптарына сай өнімдер пайда болуда. Солардың бірі - діни сенімге байланысты екпеден жиі бас тартатындар үшін халал дәрі-дәрмек пен екпе секілді ғылыми ізденісті қажет ететін жобаларды қолға алған ресейліктер халал индустриясында тыңнан түрен салып отыр десе де болады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: