БАС МҮФТИ: ЕЛОРДА — ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ

БАС МҮФТИ: ЕЛОРДА — ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын! Əр отбасына бақыт пен береке тілеймін.
Елорда — елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы. Жаңа астанамыз санаулы жылдарда күллі әлемге бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен келісімнің киелі ордасы ретінде танылды.

Арқа төсінде Елбасының қамқорлығымен республикалық "Əзірет Сұлтан" мешіті салынып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесі бой көтерді. Аллаға шүкір, Елордадағы еңселі мешіттердің қатары жыл сайын артып келеді.

Əйгілі ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің:

«Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал азаматтары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам», — деген қанатты сөзі бар.

Жас мемлекетіміздің жаңа астанасы қайырымды қалаға айналып, қоғамда игі құндылықтардың салтанат құруына тілектестігімді білдіремін.

Мереке құтты болсын, ағайын! Алла Тағала тəуелсіздігімізді баянды еткей! Əмин!
 
ҚМДБ баспасөз қызметі
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: