Сіз не қалар едіңіз?

Сіз не қалар едіңіз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бір күні хазірет Омар (р.а.) жиналғандардан:

− Егер тілектерің дәл қазір орындалатын болса, не тілер едіңдер? – деп сұрапты. Сонда олардың бірі:

− Көп алтыным болса, бәрін Ислам жолында жұмсар едім, – депті. Ал екіншісі:

− Осыншалық байлыққа кенелсем, мен де Ислам дініне пайдамды тигізер едім, – дейді. Қалғандары да осы тектес армандарын айтады. Хазірет Омар (р.а.) бірақ ешбірінің жауабын құптағандай сыңай танытпайды. Көпшілік халифаның өзінің не қалайтынын сұрағанда, ол:

− Мен Муаз, Сәлім, Әбу Убәйдә секілді мұсылмандардың тәрбиеленгенін қалар едім. Бұл Исламның дамуы үшін жасалған үлкен қызмет болар еді, – деп, асқақ арманының қайырлы ұрпақ тәрбиелеу екенін білдіреді. Біз де баламыздың тәрбиесін ерте жастан қолға алып, бойына имандылықты еге білсек, өскенде қоғамға пайдалы тұлға болуына жол ашамыз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: