10 адамға зекет берілді

10 адамға зекет берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 10 жанұяға қайырымдылық көрсетілді.

Отбасыларға «Зекет» қорының Жамбыл облысындағы өкілі Бекболат Мыңбаев пен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев көмекті үлестірді.

Зекет берушілердің қаражатына алынған азық-түлікке барлығы 50.000 теңге қаражат жұмсалды.

Ержан Аманбаев зекет берудің маңызы, қайырымдылықтың адам жүрегінде алатын орны жайлы сөз сөйлеп, тағдыр сынағына тап болған жағдайда сабыр еткен жанның Алла алдында беделді, сүйкімді екенін тілге тиек етті.

Ал қайырымдылық нысаны болған жанұялар шын алғыстарын айтып, разылығын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: