Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) хат

Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) хат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық «Ар Рахман-Ар Рахим» мешітінің ұстазы Зора Айдарованың жетекшілігімен «Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с) хат» атты сайыс ұйымдастырылды.

Зора ұстаз: «Барлық хаттар әсерлі жазылған, жеңімпазды анықтау қиын болды» - деп өз ойымен бөлісті.

Дегенмен, қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, Сонина Сафия бірінші орынға ие болды.

Хаттан үзінді: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с), Сіз барша адамзатқа  жіберілген ардақты елші, Алланың мейірімісіз! Ислам дінін бізге көркем түрде жеткізіп, Аллаға қарай жол аштыңыз! Мен сізді көрген емеспін, Ислам дінін тану арқылы сізді жанымнан да жақсы көріп кеттім. Мен, әлхамдулиллаһ мұсылман дінін қабылдадым, ең алғаш «Әзірет Сұлтан» мешітіне кіргенімде жүрегіме ерекше қуаныш пен тыныштық орнады, бұл керемет сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Пайғамбарым, (с.ғ.с) арамызда 15 ғасыр өтсе де, Сіз әлі күнге дейін сүйіктісіз, үмметіңіз Сізді сағынуда! Алладан Сіздің (с.ғ.с) қиямет күні жақындарыма және барша мұсылмандарға шапағатшы болуыңызды тілеп, дұға етемін...»

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: