Құланда ораза айты ерекше тойланды

Құланда ораза айты ерекше тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратушы Иемiз әрбiр iзгi амал мен игiлiктi iстiң сауабын берiп, мейiрiм — шапағатын төгедi. Хадис — шарифте айтылғандай, Алла Тағала: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн», — дейдi.

Мұсылман жұртшылығының екі ұлық мерекесінің бірі ораза айты бiр ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезi. Исламның бес тірегінің бірі болған ораза парызын өтеген адамзатқа Алла тағаланың кеңшілігімен ауыз ашып, халал нәрселерді ішіп — жеуге рұқсат ететін күні бұл.

Бұл күн — Рамазан айымен қимай қоштасып, келесі Рамазанға есендікте жетулерін тілеп, құлшылық ететін күн. Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Т.Рысқұлов аудандық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажының  ұйымдастыруымен жас бүлдіршіндерге қайырымдылық  іс-шарасы  жасалды.

Атап айтқанда, тегін батут, балмұздақтар, тәтті мақталар, құрмалар  таратылды.  Сонымен қатар Тараз қаласына тегін көлік қатынады. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қасиетті Рамазан айында қолындағаы барымен бөлісіп, қол жәрдем жасаған жандарға Алла разы болсын.

Әбілда Мейірханов 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: