Қордайдағы қос қуаныш

Қордайдағы қос қуаныш

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүкіл ел болып айт мерекесін ерекше шаттықпен тойланып жатқанының еріксіз куәгеріміз. Қордай жұртшылығы да айт мерекесіне дайындалып, ерекше салтанатпен атқарып өтті.

Ұлық мереке ораза айт  күні аудандық «Қордай» мешітінде тағы да бір қуанышты жағдай орын алды. Олай дейтініміз, аудан әкімі Болатбек Байқонысұлы Байтөле кәсіпкерлердің басын қосып мешіт игілдігіне  «хюндай акцент» көлігін сыйға тартты.

Аудан жетекшісі: «Кейінгі жылы ауданымызда орналасқан барлық 60 мешіттің құжаттары толық заңдастырылып, ҚМДБ тарапына толығымен өтті. Масаншы ауылындағы медресе өз есіктерін айқара ашып, бүгінгі таңда талаптарға сай білім беруде, аудандық мешіт көркейіп, тиісті жөндеу, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары жүріп мешіт ажары ашыла түсті. Аудандық мешіт бастамасымен әртүрлі әлеуметтік топ өкілдеріне қайырымдылық көмектері көрсетіліп келеді. Мінекей, осы жайттарды ескере отыра, алдағы қойылған мақсаттары сапалы және  уақытылы атқару үшін өз ауылының жанашыр жігіттердің басын қосып, осындай сыйлық жасаудамыз» - деп ізгі лебізін білдіріп, бас имам Д.Жандосұлына тұлпар кілтін тапсырды. 

Осы күнгі қуаныш осымен аяқталмай, бас имам өтініші бойынша аудандық мешіттің төменгі қабатын жөндеу жұмыстарына аудандағы ел ағалары өз үлестерін қосатыны жөнінде жиналған басшылық өз жоспарларымен бөлісті. Бас имам Д.Жандосұлы өз кезегінде аудан басшылығы мен демеушілерге алғысын жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: