Т.Рысқұловта имани кездесулер өтті

Т.Рысқұловта имани кездесулер өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мамандары жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында түрлі өңірлерге аттанып, имани жүздесулер өткізіп отыратыны белгілі. Осындай бір кезекті іс-сапарға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев барып қайтты.

Дін маманы Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық мешітінде жамағатпен кездесіп, рамазан айымен құттықтап, "Оразаның артықшылығы" жайында жұма уағызын жүргізді. Көпшілік сұрақтарына нақты жауаптар да ала алды. 

Сонымен қатар наиб имам Юбелейный ауылындағы Д.Қонаев орта мектебінде оқушылармен жүздесіп, діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Бой көтеріп келе жатқан жас буынның дін турасында сауалы көп. Сол сұрақтар жауабын тауып, жастардың ата дінімізді ажырата алуына септігін тигізді деген үміт бар. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: