Танзанияда 60 мың көрермен Құран тыңдауға жиналды

Танзанияда 60 мың көрермен Құран тыңдауға жиналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

60 мың мұсылман Танзанияда өткен Құран оқушылардың кең ауқымды байқауын көру үшін жиналды. Іс-шара Дар-Эс-Салам қаласындағы стадионда өтті.

«MSUMBA NEWS» басылымының мәліметі бойынша, бұл конкурс жиырмасыншы қатарда. Оған бүкіл әлемнің үздік Құран оқушылары қатысты.  Танзанияның президенті Джон Помбе Магфули Танзанияның мұсылмандары мен христиандары бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын тілге тиек етіп,  билік кемсітушілік пен құқықтарды бұзбайтынын жеткізді.

Конкурстың қорытындысы бойынша Сенегалдан Мұхаммед Аль Мутжьяба Диалло бірінші орынға ие болды, екінші орынды Нигериядан Фарук Якуб, үшінші орынды Танзаниядан Шамсуддин Хусейн Али алды.

Байқаудың жеңімпазы 20 миллион Танзаниялық шиллингке ие болды, ол шамамен 8 600 доллар. Жүлдегерлерге шағын наградалар тапсырылды. Танзаниядағы адамдардың көпшілігі - 60% - христиандар, 36% мұсылмандар, 4% - басқа конфессиялардың өкілдері.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: